Cambridge International орталығының  бас менеджері Ниведита Боуз кездесу өткізді

Кэмбридж университетінің Cambridge International орталығының білім беру бойынша бас менеджері Ниведита Боуз бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Кэмбридж университетіндегі мамандардың кәсіби біліктіліктерін арттыру курстары бойынша ақпарат берді.

Cambridge International орталығы Cambridge Professional Development Qualifications бойынша мамандарды қайта даярлау бағытында мұғалімдер мен білім беру саласындағы көшбасшыларды дайындап шығарады. Бүгінде әлемнің 60 елінде университет базаларында ашылған орталықтары бар.

Алдағы уақытта аталмыш ұйыммен бірлесіп аймақта кадрларды қайта даярлау курстарын ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылды.