Logo image
Image

Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік

Гүлжан Таңатарқызы
04.10.2024 -12:00

👩🏻‍🏫Ұстаздар күні – бұл білімнің бастауы саналатын ұстаздарға құрмет көрсетіп, олардың еңбегін ерекше атап өтілетін күн. 💐

✅ Мереке қарсаңына сәйкес 04.10.2024ж. күні Әлеуметтік педагогтарды даярлау білім беру бағдарламасының студенттері ұстаздарына арнап “Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік” атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. 

⚜️Іс-шара барысында студенттер оқытушыларға арнап ән айтып, би биледі. Әр курстың студенттері оқытушыларға ізгі тілектері мен өлең-шумақтарын арнады, түрлі ойындар ұйымдастырылды.

📍Іс-шараға қонаққа Тарих және педагогика факультетінің деканы Таутаева Г.Б, Педагогика кафедрасының меңгерушісі Оразова А.О. және кафедраның барлық оқытушы профессорлар құрамы қатысты.💐