01.11.2024 ж. бас ғимараттың 234 аудиториясында Математика кафедрасының, профессор Н.С. Иманбаев пен ф.-м.ғ.д., профессор Ә.М. Сәрсенбі (М. Әуезов ат. ОҚУ) жетекшілігімен «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданулары» атты жалпы қалалық ғылыми семинары болып өтті. Ғылыми семинарда Бельгияның GENT университетінен келген жерлесіміз, Ph.D, қауымдастырылған профессор Берікбол Тілләбайұлы Төребек
«Сындық бейсызықтылықтармен берілген жартылай сызықты эволюциялық теңдеулер үшін біртекті емес сыртқы есептер» тақырыбында баяндама жасады.
Бұл баяндамада сындық бейсызықтылықтармен берілген жартылай сызықты
эволюциялық теңдеулер үшін сыртқы есептердің шешімдерінің ұзақ
уақыттық мінез-құлықтары туралы талқыланды Қарастырылып отырған
есептер үшін глобал болмау нәтижелері алынды, бұл Икеда және т.б. [J.
Differential Equations, 269 (2020), no. 1, 563-594] еңбегіндегі соңғы
нәтижелерді толықтырады, мұнда сындық жағдайлар ашық қалғандығы туралы мәліметтер айтылды.
Сонымен қатар, нәтижелердің бұрын Чжан [Proc. Roy. Soc.
Edinburgh Sect. A, 131 (2001), no. 2, 451-475] және Джлели-Самет
[Nonlinear Anal., 178 (2019), 348-365] қойған кейбір ашық сұрақтарына
ішінара жауаптар бергенін баяндады
Бұл баяндамадағы негізгі нәтижелер жақында Journal of Differential
Equations журналында жарияланған. Семинарға Математика кафедрасының 4-ші курс студенттері, 2-ші курс магистранттары, кафедра меңгерушісі Г. Жетпісбаева, педагогикадан Рh.D Д. Сапақов, ғылыми математикадан Ph.D Б.Н. Сейлбеков, ОАИУ-нен ф.-м.ғ.к., доцент А.В. Роговой, М. Әуезов ат. ОҚУ-нен Рh.D Э. Мүсірепова, Түркістандағы Қ.А. Ясауи ат. ХҚТУ-нен Ph.D М. Бөріханов және Ph. докторанттар қатысты. Талқылауға семинар жетекшілері жіті қадағалап үлкен баға берді.