Шегенбаев Нұрқасым Бейсенбайұлы 1969 жылы 16 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы Майдантал ауылында дүниеге келді. 1976-1986 жылдар аралығында «XX партсъезд» атындағы жалпы орта мектебінде оқып үздік бітірді. 1986 жылы М.Ауезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1988-1989 жылдары әскер қатарында болды. 1991 жылы Шымкент педагогикалық институтын үздік дипломмен бітірген. 1991-1993 жылдар аралығында Шымкент совхоз техникумында оқытушы қызметін атқарған.
1993-2001 жылдар арасында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы қызметін атқарған. 1997-1999 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ғылыми ізденуші болды. 2001 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтына аға оқытушы қызметіне ауысты.
Шегенбаев Нұрқасым 2004-2006 жылдар аралығында спорт факультетінің оқу-ісі жөніндегі декан орынбасары, 2006-2011 жылдары аралығында спорт пәндері кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2011 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, факультет деканы болып қызмет жасады.
2014 жылдың сәуір айынан бастап «Сырдария» университетінде «Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің деканы болды.
2018 жылдың сәуір айынан бастап «Сырдария» университетінде «Гуманитарлық білім» факультетінің деканы қызметін атқарды.
2019 жылдың қыркүйек айынан «Сырдария» университетінің тәрбие істері және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалды.
2016 жылы ақпан айында Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігінің шешімімен педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.
2019 жылдың 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасының №384 бұйрығымен 6D010800-Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
2021 жылдың қыркүйегінен киелі қара шаңырақ Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.