Logo image
Image

Өзбекәлі Жәнібековтың өмірі мен еңбегіне арналған «Рух сардары» атты дөңгелек үстел өтті.

Zhanibekov university
02.10.2024 -14:00

2024 жылдың 2 қазан күні Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Дене шынықтыру және спорт факультетінің 1-курс 1402-24 тобының студенттерімен Өзбекәлі Жәнібеков орталығын таныстыру мақсатында мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф, тарихшы, академик Өзбекәлі Жәнібековтың өмірі мен еңбегіне арналған «Рух сардары» атты дөңгелек үстел өтті. Топ тәлімгері А.К.Бекбосунов халқына қалтқысыз қызмет еткен тұғыры биік тұлғаның еңбегі мен өмірі туралы баяндады.

1402-24 тобының студенттері Өзбекәлі Жәнібековтың өмірбаяны мен өмір жолы туралы айтып өтті, деректі фильмдер көрсетілді. Дөңгелек үстелдің соңына қарай студенттерге біздің мәліметтеріміздің қаншалықты тиімді, қаншалықты игергенін анықтау мақсатында сұрақ жауап ұйымдастырып, кері байланыс алып, жеңімпаздарды анықтадық.