Zhanibekov university logo
Image

Арнайы педагогика

Кафедра Тарих және педагогика

«Арнайы педагогика» кафедрасы университеттің білім беру және ғылыми қызметінің маңызды бөлігі болып табылады, оның басты мақсаты – түзету педагогикасы және инклюзивті білім беру саласында жоғары білікті мамандар даярлау.
Кафедраның негізгі миссиясы – ерекше білім беруді қажет ететін балалармен (ЕБҚ) әртүрлі білім беру орталарында тиімді жұмыс істей алатын кәсіби мамандарды даярлау. Біз жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, инклюзивтік үдерістерді қолдау және түзету-дамыту жұмыстарына қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыруға ерекше назар аударамыз.

Кафедраның негізгі қызмет бағыттары:

Білім беру қызметі

Кафедра арнайы педагогика саласында бакалавриат пен магистратура бағдарламаларын жүзеге асырады. Оқыту заманауи ғылыми тәсілдер мен технологияларға негізделген, бұл мамандарды жан-жақты даярлауды қамтамасыз етеді.

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедрада арнайы педагогиканың өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіледі, оның ішінде диагностикалық және түзету технологияларын әзірлеу, инклюзивтік оқыту үлгілері және ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытуда цифрлық және ойын технологияларын қолдану.

Практикалық даярлық

Кафедра білім беру мекемелерімен, түзету орталықтарымен және ұйымдармен ынтымақтастық жасайды, бұл студенттерге тәжірибе мен тағылымдамалардан өтуге, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.

Кәсіби даму

Біз педагогтар, мамандар және ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеуге мүдделі ата-аналар үшін біліктілікті арттыру курстарын, семинарлар мен тренингтер ұйымдастырамыз.

 

Кафедра қызметінің негізгі бағыттары:

-        университеттің білім беру саясатын жүзеге асыру;

-        білім беру үдерісін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастыру арқылы үштілділікті енгізу;

-        құзыреттілікке негізделген оқыту сапасын арттыру;

-        өмір бойы өзін-өзі оқытуға дайындық;

-        студенттердің дүниетанымын қалыптастыру, шығармашылық, коммуникативтік, сыни ойлау, зерттеушілік және ақпараттық қабілеттерін дамыту.

«Арнайы педагогика» кафедрасында іске асырылатын білім беру бағдарламасы:

«Арнайы педагогика (Логопед)» білім беру бағдарламасы еңбек нарығының қажеттіліктеріне, университеттің ғылыми-педагогикалық мектебінің дәстүрлері мен мүмкіндіктеріне сәйкес әзірленген және келесі ерекшеліктерімен айқындалады:

1.    Интеллектуалдық, есту және көру бұзылыстары бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері қазіргі таңда инклюзивтік білім беру пәндерінің шеңберінде қарастырылғандықтан, бұл бағдарламаның материалдарын қайталамау мақсатында диагностика, түзету, компенсациялау және ЕБҚ бар білім алушыларды бейімдеу мәселелеріне назар аударылады.

2.    Арнайы педагогика маманы (логопед) өз мамандығына жақын салаларда жан-жақты білімді болуы тиіс, себебі бір даму кемшілігі басқа мәселелермен қиындайды. Осы мақсатта білім беру бағдарламасы негізгі («major») және 3 қосымша дайындық бағыттарын («minor») қамтиды: олигофренопедагогика, сурдопедагогика және тифлопедагогика. Бұл дайындық бағыттары аймақтық еңбек нарығының талаптарына, жұмыс берушілердің сұранысына және білім алушылардың таңдауының мүмкіндіктеріне негізделеді.

3.    6В01901 – «Арнайы педагогика (Логопед)» мамандығын таңдаудың негіздемесі:

-       арнайы педагогтарға қойылатын жоғары талаптар, теория мен тәжірибенің дамуы қажеттілігінен туындаған мамандандырудың тармақталуы;

-       арнайы педагог мамандығының көппрофильділігі (жаңа туғаннан бастап қарт адамдарға дейінгі тұлғалармен жұмыс, әртүрлі нозологияларға байланысты мамандандыру);

-       сөйлеу бұзылыстары мәселесінің өзектілігі;

-       арнайы мектептерде сөйлеуді дамытуға, ана тіліне ерекше назар аударылады, себебі ана тілі басқа пәндерді меңгерудің негізі болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты: Ұлттық біліктілік жүйесінің және еңбек нарығының талаптарына сәйкес арнайы педагогика мамандарын даярлау.

Міндеттері:

-       студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру, олардың этикалық нормаларға, моральдық құндылықтарға және көпмәдениетті қоғамға бейімділігін дамыту;

-       үштілділік, ақпараттық сауаттылық және салауатты өмір салтын насихаттау арқылы қоғамды жаңғыртуға белсенді қатысатын, инклюзивтік мәдениетті қолдайтын мамандарды даярлау;

-       ерекше білім беруді қажет ететін балалармен түзету-педагогикалық қызметте қажетті кәсіби білімді, практикалық дағдыларды және функционалдық құзыреттіліктерді қалыптастыру;

-       студенттердің ғылыми-зерттеушілік және аналитикалық қабілеттерін дамыту арқылы олардың өзекті білім беру мәселелерін шешуге белсенді қатысуын ынталандыру;

-       студенттерді жеке және кәсіби жетілуге, өзін-өзі дамытуға және үздіксіз білім алу процесіне тарту;

-       еңбек нарығының талаптарына сай келетін, жаңартылған білім беру мазмұнын меңгерген бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

«Арнайы педагогика» кафедрасы келесі міндеттерді жүзеге асырады:

6В01901 – «Арнайы педагогика (Логопед)» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды кәсіби даярлау:

Түзету-дамыту қызметі саласында:

Ерекше білім беруді қажет ететін тұлғалардың дамуында кездесетін бұзылуларды түзету, сондай-ақ білім беру және оңалту процестерін түзету-педагогикалық қолдауды ұйымдастыра алатын мамандарды даярлау.

Білім беру-педагогикалық қызметі саласында:

Студенттерге білім алушылардың ерекше білім беру және әлеуметтік-коммуникативтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті арнайы білім беру ортасын құру мен ұйымдастыру дағдыларын үйретуге ерекше назар аударылады, сондай-ақ олардың жеке ерекшеліктерін ескеру қарастырылады.

Диагностикалық-консультативтік қызметі саласында:

Білім беру процесіне қатысушыларға диагностика жүргізу және кеңес беру әдістерін меңгерту. Болашақ мамандар білім беру, даму, кәсіби бағдар беру және әлеуметтік бейімделу мәселелерін шешуде құзыреттіліктерді игереді.

Әлеуметтік-адаптациялық қызметі саласында:

Қоғамға сәтті интеграциялануға қажетті құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың қызметін ұйымдастыра алатын мамандарды даярлау.

Ұйымдастырушылық-коммуникативтік қызметі саласында:

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалардың қарым-қатынас үдерісін ұйымдастыруға, қоғамдық және білім беру ұйымдарымен, ата-аналармен, кәсіби қауымдастықпен және басқа да мүдделі тараптармен тиімді өзара әрекеттесуге үйрету. Сонымен қатар, кафедра кәсіби өзін-өзі дамыту және жеке өсу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Жобалық-зерттеушілік қызметі саласында:

Білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие процесін жобалау, білім алушылардың тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, түзету және дамыту бағдарламаларын әзірлеу.

Кафедра келесі бағыттарда педагогикалық-коррекциялық қызметті жүзеге асырады:

Дамуында бұзылыстары бар балалар мен ересектерді заманауи ғылыми тәсілдер негізінде дамыту, тәрбиелеу, оқыту, әлеуметтік бейімдеу және қоғамға интеграциялау.

Ерекше білім беруді қажет ететін тұлғалардың психофизикалық мүмкіндіктерін, білім беру қажеттіліктерін және жетістіктерін диагностикалау және түзету, арнайы және инклюзивті білім беру ортасында терең психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

Ерекше білім беруді қажет ететін тұлғалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру, жеке білім беру маршруттарын әзірлеу.

Жоғары оқу орындарында оқытушылық қызметті жүзеге асыру және білім беру бағдарламаларына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету.

Ғылыми-зерттеу қызметі саласында:

Қазіргі ғылымның әдістерін, ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдалана отырып, ғылыми зерттеулерді жобалау, іске асыру, нәтижелерін талдау және қорытындылау.

Білім беру ортасын зерттеу және алынған нәтижелерді арнайы және инклюзивтік жағдайларға бейімделген оқу процесіне енгізу.

Жаңа кәсіби жағдайларда зерттеу міндеттерін шешу үшін әртүрлі пәндер бойынша білімдерді интеграциялау.

Ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қатысу, инновациялық әдістемелерді әзірлеу және оларды кәсіби салада апробациялау.

Жобалық-әдістемелік қызметі саласында:

Педагогтардың кәсіби мүмкіндіктерін, білім алушылардың қажеттіліктерін зерделеу және талдау негізінде әдістемелік қолдау мен жеке даму траекторияларын жобалау.

Жаңа пәндерді, элективті курстарды және бақылау-өлшеу материалдарын әзірлеу үшін заманауи білім беру технологияларын, соның ішінде ақпараттық және инновациялық технологияларды қолдану.

Білім беру бағдарламаларын жобалау және олардың тиімділігін мониторингтік зерттеулер жүргізу арқылы бағалау.

Инклюзивтік ортада білім беру процестерін жүзеге асыруға арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі саласында:

Білім беру саласында инновациялық менеджмент технологияларын пайдалана отырып, басқарушылық процестерді зерттеу, жобалау, ұйымдастыру және бағалау.

Кәсіби өзін-өзі дамыту және жеке өсу дағдыларын қалыптастыру, білім беру маршруттары мен кәсіби мансапты жобалау.

Инклюзивті білім беру міндеттерін шешу үшін ата-аналармен, педагогтармен, кәсіби қауымдастықтармен және басқа да мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру.

Түзету педагогикасы саласындағы ғылыми білімдер мен жетістіктерді танымал ету үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен БАҚ-ты пайдалану.

Білім беру процесін оңтайландыру үшін Қазақстан Республикасының арнайы және инклюзивтік білім беру саласындағы заңнамаларын іс жүзінде қолдану.

Кафедраның артықшылықтары:

Оқытуда заманауи әдістемелер мен технологияларды, оның ішінде АКТ және ойын әдістерін пайдалану.

Білікті профессор-оқытушылар құрамы: 4 ғылым кандидаты, 1 PhD докторы, 5 аға оқытушы, 5 магистр-оқытушы.

Халықаралық ұйымдармен және ғылыми орталықтармен тығыз ынтымақтастық.

Кафедра меңгерушісі: педагогика ғылымдарының кандидаты Нұрбекова Аида Мұратбекқызы.
Тәжірибелі оқытушылар: С.А. Турмаханова, Б.Ж. Әбуова, Г.И. Акилбаева, А.Р. Боранбаева және басқалар.

Дайындалатын мамандар:

Бакалавриат: 6В01901 – Арнайы педагогика (Логопед).

Магистратура: 7М01901 – Арнайы педагогика.