Zhanibekov university logo
Image

Информатика

Кафедра Физика-математика
Image

Жамалова Камшат Әбдіқайымқызы

Жамалова Камшат Әбдіқайымқызы, 1979 жылдың 31 мамырында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Бесқұбыр елдімекенінде туылған. 1985-1995 жылдары Сарыағаш ауданындағы №5 С.Сейфуллин атындағы орта мектебін үздікпен (алтын медальмен) бітірген. 1994-1995 жылдары 10 - 11 сыныптарда математика пәнінен республикалық олимпиаданың жүлдегері болды. 1995-1999 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Ақпараттық технологиялар және автоматтандырылған жүйелер» факультетінде білім алып, «қолданбалы математика және информатика» мамандығы бойынша бітіріп шықты (үздік дипломмен). 1996 жылы Қарағанды қаласында Қазақстан, Орал, Сібір, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның техникалық жоғары оқу орындарының арасында математика пәні бойынша өткізілген I – халықаралық студенттік олимпиадасының жүлдегері атанды. 1999-2001 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің магистратура бөлімінде білімімді шыңдап, осы бөлімдегі оқуды үздік дипломмен бітіріп, қолданбалы математика мамандығының магистрі атанды. 2001-2003 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің аспирантура бөлімінде ғылыми-ізденіс жұмыстарын жалғастырып, «Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2002-2004 жылдары Санк-Петербор қаласында өткен халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, жоғары дәрежелі ғылыми-ізденіс жұмысы үшін арнайы дипломмен марапатталды. 2007 жылы Шымкент қаласында 05.17.08 – «Химиялық технологиялардың процесстері мен аппараттары» мамандығы бойынша «Химиялық өнеркәсіп аппараттарындағы полидисперсиялық суспензиялардың тұндырмасын және тұнбалардың пайда болуын үлгілеу» атты тақырыпта кандидаттық диссертацияны қорғады. Диссертация М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің Д 14.23.01 диссертациялық кеңесінде қорғалды. 1999-2005 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Есептеуіш техника және автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалық қамтамасыздандыру» кафедрасында оқытушы қызметін атқарды; 2005-2007 жылдар аралығында М. Тынышпаев атындағы Қазақ Көлік және Коммуникациялар академиясының «Жалпыинженерлік пәндер» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды; 2007-2009 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Информатика» кафедрасында аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы болды; 2009-2010 жылдары Қазақ Инженерлік Техникалық Академиясының «Жалпы білім беру және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасында доцент қызметін атқарды; 2010-2011 жылдары Тұран Астана Университетінің «Ақпараттық технологиялар» кафедрасында доцент қызметін атқарды; 2011- 2017 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Информатика» кафедрасында аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы болды; 2018 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Информатика» кафедрасының аға оқутышысы қызметінде. Жанұясы туралы Зайыб: Алшынбаев Даулет Орынтайұлы – 1977 ж., «Оңтүстікполиметалл» ЖАҚ-ында маркетинг бөлімінің қызметкері, жоғары білімді. Қызым: Орынтай Әсем Даулетқызы – 2003 ж., Шымкент қаласындағы физикаматематика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқиды, оқу озаты.