Zhanibekov university logo
Image

Арнайы педагогика

Кафедра Тарих және педагогика
Image

Турмаханова Сапаржан Акимовна

Тұрмаханова Сапаржан Әкімқызы 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1967 жылы Төлеби ауданы Қарақия елдімекеніне 1-сыныпқа барған. 1977 жылы Қазығұрт ауданы Рабат елдімекенінде Қ.Әбдалиев атындағы орта мектепті аяқтаған. 1977-1981жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институтының филология факультетінде білім алып, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алып шыққан. 1981- 1990 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы N25 Т. Рысқұлов атындағы орта мектепте және Бөген ауданында Абай атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған. 1990-2015 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, ОҚМУ доценті қызметін атқарған. 2006 жылы 11 наурыз күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының 10.02.02-қазақ тілі, 10.02.01-орыс тілі, 10.02.10-Қазақстан республикасы халықтарының тілдері, 10.02.19- тіл теориясы мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы дәрежесін және 13.00.02- оқыту және тәрбие теориясы мен әдістемесі (бастауыш,орта жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ тілі) мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін қорғайтын ОД 14.50.17 Біріккен диссертациялық кеңесінің мәжілісінде 13.00.02 мамандығы бойынша «Оқушылардың сөздік қорын байытудың теориялық, әдістемелік негіздері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің 2006 жылғы 19 мамырдағы шешімімен (No8 хаттама) бекітілген. Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. 2015-2016 оқу жылынан бері Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетте Мектепке дейінгі және арнайы педагогика кафедрасының аға оқытушысы. 2008жылдан бері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығында ҚАЗТЕСТ жүйесінде тест түріндегі тапсырмалардың тыңдалым бөлігі бойынша әзірлемеші, сарапшы болып қызмет атқарады. 100 ден аса ғылыми және әдістемелік мақалалары отандық, алыс және жақын шетелдік ғылыми басылымдарда жарық көрген. «Қазақ тілі» оқулығы (орыс топтарының студенттері үшін) 1 және 2 бөлім (авторлық бірлестікте), «Қазақ тілі» әдістемелік құрал. ОҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы, (авторлық бірлестікте), «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды қоғамға бейімдеу жолдары», «Жоғары оқу орындпрында арнайы пәндерді оқыту әдістемесі» оқу құралдары, электронды оқулық, виртуальды лаборатория, отыздан аса әдістемелік нұсқаулардың авторы. Жоғары оқу орнында қызмет жасаған жылдарда ондаған студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасаған. Ұжыммен жақсы тіл табысады. Студенттердің алдында беделді. Білікті маман.