Абуова Бейбет Джанабаевна
Абуова Бейбет Джанабаевна 1985-1990 жылдар аралығындағы Өскемен педагогикалық институтының түлегі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің 2009 жылғы 24 ақпанындағы шешімімен (№2 хаттама) педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. 2012 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде қызмет атқарып келеді.
Педагогикалық бағыты: Арнайы мектептердегі оқушылардың физиологиялық жағдайлары.
Оқу-әдістемелік және ғылыми еңбектері:
Жалпы саны - 117 ғылыми еңбек, оның ішінде оқу құралдары - 11, Оқу-әдістемелік құралдар – 4.
Соңғы жылдары шыққан ғылыми еңбектер:
1. Оқу құралы «Сөлеу тілінің жүйелік бұзылыстары». Шымкент, 2022.– 140 б.
2. Оқу құралы «Мектепке дейінгі білім берудің заманауи технологиялары». Шымкент, 2022.– 130 б.
3.Оқу құралы «Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы, патологиясы» Шымкент, 2021.– 130 б.
4. Оқу құралы «Оқушылардың физиологиялық дамуы» Шымкент, 2019.– 143б.
5. Мақала «Жаңартылған бағдарлама бойынша білім алушылардың оқу әрекетін бағалаудың ерекшеліктері» Қазақстанның ғылымы мен өмірі. issn 2073-333. №5 2020. 112-115 бет. ВАК журналы.
6. Мақала «Қашықтықтан оқыту жағдайында интербелсенді оқытуларды қолдану мүмкіндіктері. Международный научно-популярный журнал «Қазақстанның ғылымы мен өмірі».№10/2 (142) 2020. 142-145 бет.
7. Мақала «Мектепке дейінгі педагогикадағы рухани-адамгершілік тәрбие мәселесі». Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми-әдеби әлемі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысының ғылыми мақалалар жинағы. 72-75 бет. ОҚМПУ. 2020.
Білім жолындағы жетістіктері:
2020 жылы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 80 жыл, мерей тойына байланысты төсбелгісімен марапатталды.