Студенттердің жетістіктері

 

Шетел тілдері кафедрасы бойынша  студенттердің жетістіктері туралы

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 17.01.2022 ж. 14-2/39BH хатына сәйкес «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастырумен халықаралық білім және ғылым саласы бойынша жастарды қолдау үшін Тәуелсіз мемлекеттер достығы «ҮЗДІК СТУДЕНТ 2024» атты ТМД елдерінің арасында ұйымдастырылған, халықаралық ғылыми конкурска Өбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Жаратылыстану факультеті 1505-23 топ студенттері Торехан Айзере, Акабаева Лола, Маханова Жайна қатысып, II орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі- Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Артықбаева Фазила. Ғылыми конкурска қатысу шарттары бірнеше кезеңнен тұрды: ағылшын тілінде эссе жазу, ғылыми мақала жіберу, ғылым саласындағы жетістіктер мен өзекті тақырыпқа жазылған ғылыми жұмыс жіберу. Іріктеуден өткен жағдайда, ғылыми жобаңды жіберіп, ғылымға қосқан үлесіңді сипаттап беру керек. Жүлделі орынға ие болып II дәрежелі Диплом, куәлік, “ Үздік студент” төс белгісімен марапатталған студенттерімізді құттықтаймыз!

 

 

   «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген халық даналығының мағынасы қазіргі заманда өте маңызды. Халықаралық қатынас тілі – ағылшын тілін білу – заман талабы. Осы орайда шетел тілдері кафедрасының магистр-оқытушысы Г.К Орынбекованың жетекшілігімен филология факультетінің студенттері: Аманқұл Жансая 1703-11-1 Асқарқызы Аида 1703-11-1, Алпысбай Улар 1703-11-1 , Әбіш Аружан -1705-81, Режепова Гульзира -1702-71, Пулат Фатима -1702-71 , Есіркеп Қарлығаш -1705-81 "ағылшын тілі" пәнінен ІІІ  Республикалық Олимпиадасына қатысып жүлделі орындарға ие болды.

 

Кафедра аға оқытушысы, магистр-оқытушы Артықбаева Фазиланың жетекшілігімен Орынбаева Мафтуна «ағылшын тілі» пәнінен ІІІ  Республикалық  Олимпиадада І орынды иеленді.

Университеттің достық шатыры

   30.04.2013 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Шетел тілдері кафедрасында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған іс-шара өткізді. Университет оқытушылары мен студенттер он бес этникалық топ өкілдерінен тұрады. Студенттер концерттік бағдарламаға ынталанып қатысты. Жүргізушілер Абдрахимов Камиль мен Әлиұлова Шахноза. Құрамында шетелдік студенттері бар академиялық топтар 125,127,128, 607-88 қазақ, орыс және өзбек тілдерінде әндер ұсынды. 607-88 тобының студенті Исмаилова Ляззат және Қайсарқызы Эльвира қазақ ұлттық күйлерін ұсынды. Сайданова Механжан қазақ биін ұсынды. Өзбек биімен 125-88 тобының студенттері Темірова Нигора мен Садықова Дина таныстырды. Джульеттаға хат 127-88 тобының студенті Турсыналы Диас оқыды. Әке туралы әңгімені Жолдас Улығат оқыды. 128-88 тобының студенті Доронин Ярослав креативті қойылымды көрсетті. Кафедра меңгерушісі Каракулова А.М. құттықтау сөзін алды. Іс-шараның қонақтары «Рухани Жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі Анарбаев Қ.С. және Америкадан келген оқытушы Джошуа Дуфор студенттерге университетіміздің ыңтымақты шатыр астында ашық, жарқын аураны ұсынғаны үшін ризашылықтарын білдірді.