Logo image
Image

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы

Кафедра

Кафедра жайлы

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы кафедрасына қарасты 6В01201-Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы, 7M01201-Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы білім беру бағдарламалары бойынша білім берудің ұлттық үлгісіне, нәтижеге бағытталған, жаңа формация маманын, еуропалық полимәдениетті, коммуникативті, технократты, педагогикалық іс-әрекет аясындағы міндеттерді қазіргі ғылыми және практикалық деңгейде жоғары кәсіби және шығармашылық қабілеттілікпен шеше алатын жаһандық бәсекеге қабілетті мамандар дайындалады.

2023-2024 оқу жылының қазан айында 6В01901 - Мектепке дейінгі және арнайы педагогика кафедрасының 6В01201 - Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогика кафедрасы білім беру бағдарламасы 6В01201Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогика кафедрасы болып құрылды.


Кафедраның миссиясы – Ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай мектепке дейінгі білім беру мекемелердің педагог-тәрбиешісін даярлау.


Кафедраның келешектегі көрінісі – білім беру қызметінің барлық бағыттарында алдыңғы қатарлы, білім берудің жаңа форматын  меңгерген, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті бакалавр, магистрларды дайындайды.


Кафедраның басты мақсаты – ортаның ішкі бәсекелестігі мен бірлескен мәдениетін қалыптастыра отырып, педагогикалық кадрлар мен жоғары білімді мамандарды даярлайтын, білімдік-педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыратын, сыртқы ортаның тұтынушылық сұранысын қанағаттандыратын ғылыми-білім беру кешенін дамыту, инновациялық білім беру ордасын құру.

Кафедраның білім беру үрдерісінің басты мақсаттары:

  • бүгінгі қоғам дамуында қалыпты тұжырымға негізделген білім беру әдістері мен ұстанымдарының қалыптастыру, дамуы және жүзеге асыру;
  • жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және мәдени, интеллектуалды қажеттіліктерін өтуге жағдай жасау;
  • отандық және шетелдік тәжірибені негізге ала отырып, мемлекеттің қажеттілігіне, сұранысына жауап беретін білім беру мен тәрбие жүйесін қалыптастыратын мамандар даярлау;
  • ғылыми-тәжірибелік талдамалармен, бағдарламамен қамтамасыз етуді жүзеге асыру

 

Кафедраның міндеттері:

Кафедраның стратегиялық мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды ғылым мен практика жетістіктерін кәсіби тұлғаның қалыптасуы мен өсуіне бағытталған, жоғары кәсіби білім беру бағдарламасын іске асыру


Кафедраның басым міндеттері:

  • кәсіби жоғары білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасау;
  • азаматтық пен ұлтжандылыққа, Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, ұлттық салт-дәстүрді қастерлеуге, Конституция мен қоғамға, заңға қайшы келетін пікірлермен күресуге баулу;
  • республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттілігін қалыптастыру, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне сауатты қарау;
  • әлемдік және отандық мәдени құндылықтарды игерту, ел тарихын, қазақтың және республикадағы өзге ұлттардың әдет-ғұрыптарын, тілдерін меңгерту;
  • оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;
  • инновациялық білім беруді педагогикалық проблемалық-ақпараттық, пәнаралық технологияларын қолдана отырып дамыту; институттың сыртқы отандық және шетелдік тиімді орталарымен өзара байланысының инфрақұрылымын дамыту; өзекті мәселелерді шешуге бағытталған пәнаралық және интегративті жолдармен негізгі ғылыми бағыттарды зерттеу;
  • инновациялық білім беруді педагогикалық проблемалық-ақпараттық, пәнаралық технологияларын қолдана отырып дамыту;
  • институттың сыртқы отандық және шетелдік тиімді орталарымен өзара байланысының инфрақұрылымын дамыту;
  • өзекті мәселелерді шешуге бағытталған пәнаралық және интегративті жолдармен негізгі ғылыми бағыттарды зерттеу;
  • 6В01201-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы білім беру бағдарламалары бойынша 2011 жылдан бакалаврлар даярланып келеді. Кафедрада даярланатын білім беру бағдарламалары АРТА (НААР) тәуелсіз агенттігінің «Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінде» 5 орындарды иеленді. Студенттерді даярлау жүйесінің халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін беделді халықаралық аккредиттеу агенттігі IQAA 2020 (институционалдық және білім беру бакалавриат бағдарламалары) бакалавриат, 2022 жылы магистратура деңгейінде растады.

Студенттерді даярлау жүйесінің халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін беделді халықаралық аккредиттеу агенттігі IQAA 2020 (институционалдық және білім беру бакалавриат бағдарламалары)  бакалавриат, 2022 жылы магистратура деңгейінде растады.


2021-2022 оқу жылында  штат кестесі бойынша – 33 оқытушы-профессор қызмет атқарды. Оның ішінде:, 17 кандидат доцент, 1 философия (PhD) докторы,  2 аға оқытушы, 13 магистр оқытушылар. Кафедраның ғылыми әлеуеті – 60% құрады.

  • 2022-2023 оқу жылында  штат кестесі бойынша – 27 оқытушы-профессор қызмет атқарды. Оның ішінде: 12 кандидат доцент,  2 философия (PhD) докторы, 2 аға оқытушы, 11 магистр оқытушы.  Кафедраның ғылыми әлеуеті – 51,8% құрады.

    2023-2024 оқу жылында штат кестесі бойынша- 12 оқытушы-профессор қызмет атқарады. Оның ішінде: 6 кандидат доцент, 1 философия (PhD) докторы, 2 аға оқытушы, 3 магистр оқытушы. Кафедраның ғылыми әлеуеті –63%;

     2024-2025 оқу жылында штат кестесі бойынша- 11 оқытушы-профессор қызмет атқарады.         Оның    ішінде: 5 кандидат доцент, 1 философия (PhD) докторы, 2 аға оқытушы, 3 магистр оқытушы. Кафедраның ғылыми әлеуеті –50%;