Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты

ТҮРКИЯЛЫҚ ПРОФЕССОР СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

Түркия республикасы Анкара қаласындағы Гази университеті Ректорының кеңесшісі, профессор Халил Ибрахим Бүлбүл «Цифрландыру және білім беру» тақырыбында семинар өтті. Семинарға оқу орнымыздың докторанттары мен информатика білім беру бағдарламасының магистранттары қатысты.

Семинарда білім саласында цифрландыру технологиясын қолдану ережелері оқытылды. Қазіргі күні цифрлық технология барлық салаға дендей енуде. Профессор сонымен қатар, жасанды интеллекттің де білім, ғылым мен технологияда кеңінен қолданылуы туралы қызықты деректер келтірді.

Жасанды интеллектің түрлері мен оларды қай салада қолдануға болатындығына тоқталды. Білімгерлер профессорға сұрақтар қойып, өзекті тақырып бойынша қызықты пікір талас жүргізілді.

#ZhanibekovUniversity 

23.11.2023