Хабарландыру

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің СТУДЕНТТІК РЕКТОРЫ лауазымына өтініш  қабылдау басталғанын жариялаймыз!!!

Студенттік ректор дегеніміз кім?
Ол студенттер мен  университет әкімшілігі арасындағы диалогты байланыстыратын студент.Бұл бір толқында болуға көмектеседі.
Оның негізгі мақсаты-студенттік өмірді дамыту,студенттерді белсенділікке шақыру,академиялық және сыныптан тыс мәселелерді шешу.
Кім қатыса алады?
Үлгерімі жақсы және белсенділігі жоғары ОҚМПУ-дың 2-3 курс студенттері. 
Қандай құжаттар тапсыру керек?
1)Өмірбаян
2)Факультет деканының ұсыныс хаты
3)Стратегиялық жоспар
4)Баяндама (Осы уақытқа дейін жасаған жұмыстарын баяндайды)
5)Жетістіктері, еңбектері

Портфолионы тапсыру үшін қайда бару керек?
N1 Студенттер үйі, coworking орталығы
Сұрақтар бойынша төмендегі нөмірге хабарласа аласыз:
+7 777 558 37 58 -Жанерке Нұржанқызы