ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

 

ҚР Туризм және спорт министрлігі, спорт және денешынықтыру істері комитеті жасөспірімдер арасында күзгі чемпионат өткізді.

Спорттың волейбол, баскетбол, футбол түрінен өткен сайыста үздік командалар топ жарды. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ студенттері Тұрдыбек Бердібек пен Ілияс Балғабай волейболдан республикалық жарыста үздік команда құрамында І орын тұғырынан көрініп, ел чемпионы мәртебесіне ие болды.

Жеңімпаздарға спорт сайысында Алматы, Тараз және Алтай өңірінің жүйріктері лайықты қарсылас бола білді.