Хабарландыру

«Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесі, 1600120  Шымкент қ., Байтұрсынов көшесі, 13, «Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына  конкурс жариялайды».

Қызметінің негізгі бағыты жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсету болып табылады.

Қызметтің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім беруге және оқыту үшін қажетті жағдайлар жасау, сонымен қатар ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшы лауазымдарда 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі және (немесе) ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы), немесе PhD болуы.

Конкурсқа келесі тұлғалар қатыса алмайды:

1) жиырма бес жасқа толмағандар;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) арнайы медициналық мекемелерде есепте тұрғандар;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген Қосымша 2  нысандағы өтініш;

2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) белгіленген нысандағы 3х4 өлшемдегі түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының еңбек өтілі;

4) жоғары оқу орнының даму бағдарламасы;

5) салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері:

-Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі,  шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімшарттың) субъектілері болып табылатын білім туралы құжаттарды қоспағанда;

- «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне акционерлік қоғам берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтағаны туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» қоса берілеген анықтаманың көшірмесі;

- халықаралық шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган берген  білім туралы құжаттарды өзара және баламалылық тану туралы куәліктердің көшірмелері білім туралы құжаттардың көшірмелеріне қоса беріледі;

6) жұмыс орны (ағымдағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) ) 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің   2010 жылғы № 907 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 6697 болып тіркелген), құжаттарды тапсыру күніне дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген № 075/у нысанындағы денсаулығы туралы медициналық анықтама;

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды тапсырған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;

10) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымды атқаруға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

  Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне (643 каб.) тапсыру қажет. Телефондар: 742426, 742725, email; m.tursumbaeva@sci.gov.kz.

Өтініш

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК