Орталық жұмыстары

«ЖӘДІГЕР» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІ

13.11.2023ж. күні «Қазақстан» мәжіліс залында білім алушыларға Өзбекәлі Жәнібеков орталығының ұйымдастырумен Өзбекәлі Жәнібеков туралы түсірілген «Жәдігер» деректі фильмі мен оқу орнымыз дайындаған арнайы фильм көрсетілді. Іс шара барысында орталықтың басшысы, ф.ғ.к. Э.Б.Оразбаева білім алушыларды Ө.Жәнібековтің еңбек жолы мен қоғамдық қызметін көрсететін жәдігерлермен таныстырды және «Өзбекәлі Жәнібеков» орталығында білім алушылар қоғам және мемлекет қайраткері Ө.Жәнібековтің еңбектерімен таныса алатындығын жеткізді.

Описание: C:\Users\User\Downloads\Жарфак.jpg

 

Описание: C:\Users\User\Downloads\Жарфак1.jpg

«САРЫ КҮЗ – САҒЫНЫШ МАУСЫМЫ» КҮЗГІ ЭЛЕГИЯ

30.11.2023ж. күні «Қазақстан» мәжіліс залында Өзбекәлі Жәнібеков орталығының ұйымдастырумен Мұқағали Мақатаев өлеңдері негізінде дайындалған  «Сары күз  – сағыныш маусымы» атты  күзгі элегия ұйымдастырылды. Кешті ұйымдастырудың мақсаты  – білім алушы жастарды қазақ халқының көрнекті ақыны М.Мақатаевтың шығармашылығымен таныстыру және әдеби шығарма оқуды насихаттау, М.Мақатаевтың ақындық және азаматтық тұлғасын көрсету. Кешке филология, өнер және білім факультетінің студенттері қатысты.

 

Описание: C:\Users\User\Downloads\Сары күз.jpg

 

Описание: C:\Users\User\Downloads\Сары күз1.jpg

САНЖАР КЕРІМБАЙМЕН КЕЗДЕСУ

5.12.2023ж. күні «Қазақстан» мәжіліс залында қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің азаматтық тұлғасын танытуға арналған  «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабының авторы  Санжар Керімбаймен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ оқытушы-профессор құрамы, білім алушылар, Өзбекәлі Жәнібековтің қарындасы Серимова Айғаным Абанқызы, «Қылует» этномузейінің директоры, белгілі этнограф, қолөнер шебері, саз балшықтан бұйым жасаушы, «Аманат» сыйлығының иегері Кендебай Қарабдалов, баспасөз-ақпарат қызметінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында автор Өзбекәлі Жәнібеков орталығымен, орталықта сақталған Өзбекәлі Жәнібековтің кітаптарымен, жәдігерлермен танысты. Кездесуді Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Г.Д.Сугирбаева жүргізді. Кездесу барысында автор кітаптың қалай жазылғаны, Өзбекәлі Жәнібековпен бірге қызмет атқарған адамдармен кездескені туралы баяндады. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.д., Қ.С.Ергөбек кітап туралы пікірін білдірсе, Өзбекәлі Жәнібековтің қарындасы Серимова Айғаным Абанқызы, «Қылует» этномузейінің директоры Кендебай Қарабдалов естеліктерін айтты. Кездесу оқырмандардың автордан қолтаңба алуымен аяқталды.

 

Описание: C:\Users\User\Downloads\Санжар Керімбай.jpg

 

Описание: C:\Users\User\Downloads\Санжар Керімбай1.jpg

«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

8.12.2023ж. күні «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында Шымкент қаласы бойынша  «Әйелдер күштерінің альянсы» заңды тұлғалардың бірлестігі, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі мүшелерінің қатысуымен іс-шара өткізілді. Іс-шараға оқу орнымыздың педагогика-психология ББ білім алушылары, педагогика кафедрасының жас оқытушылары қатысты. Іс-шараның модераторлары Шымкент қаласы бойынша  «Әйелдер күштерінің альянсы» заңды тұлғалардың бірлестігі төрайымы Ж.К.Жазыкбаева мен Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы,  «Әйелдер күштерінің альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі,  Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Г.Д.Сугирбаева болды.

 

Описание: C:\Users\User\Downloads\Зорлық-зомбылық2.jpg

 

Описание: C:\Users\User\Downloads\Зорлық-зомбылық.jpg

«РУХЫ БИІК ЖЕЛТОҚСАНШЫЛАР ЖӘНЕ ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

13.12.2023ж. күні «Рухы биік желтоқсаншылар және Өзбекәлі Жәнібеков» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге «IS QOLDAY» әйелдер бастамаларын қолдау» қоғамдық  бірлестігінің төрайымы Алма Архабаева, «Желтоқсан Республикалық халықтық-отаншылдық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінінің мүшелері Муратбек Шекербеков, Галимат Шомаева, Ниязбек Наханов қатысып, Желтоқсан оқиғасы туралы ойлары мен естеліктерін айтты. Дөңгелек үстелге қатысқан тарих және педагогика, физика-математика, жаратылыстану, дене шынықтыру және спорт факультеттерінің студенттеріне Өзбекәлі Жәнібеков туралы «Өмір жолы» және «Желтоқсан ақиқаты» деректі фильмдерін көрсетілді. Дөңгелек үстелге қатысқан қонақтарға Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ 85 жылдығына арналған «Шежірелі шаңырақ» кітабы мен «ОҚМПУ елшісі» төсбелгісі тапсырылды.

                           

Описание: C:\Users\User\Downloads\131.jpg

 

Описание: C:\Users\User\Downloads\132.jpg

 

«Жәнібеков – жастар жетекшісі» эссе байқауы

 

Наурыз айында Ө.Жәнібековтің тұлғалық қырларын ашып, оны жастарға дәріптеу мақсатында білім алушылар арасында «Жәнібеков – жастар жетекшісі» атты тақырыпта эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқауға  6 факультеттің үздік студенттері қатысып, шығармашылық деңгейлерін көрсетті.

Байқау нәжижесі бойынша I орынға бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау мамандығының студенті  Дулатбек Балнұр Асанқызы, II орынға математика мұғалімін  даярлау мамандығының студенті  Қаранар Айгерім, III орынға бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау мамандығының студенті Мақтабек Әмина ие болды. Сондай-ақ «Аргументті эссе» номинациясымен Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау мамандығының студенті Алтынбекова Динара, «Пайымдық эссе» номинациясымен химия мұғалімін даярлау мамандығының студенті Жұмабек Айгерім Қаныбекқызы, «Көркем-әдеби эссе» қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау мамандығының студенті Ералы Ақмаржан марапатталды. Жеңімпаздарға дипломдармен бірге қаржылай сыйлықтар да табысталды.

 

Описание: C:\Users\User\Downloads\WhatsApp Image 2024-04-05 at 19.01.58.jpeg

Описание: C:\Users\User\Downloads\WhatsApp Image 2024-04-05 at 19.01.58 (1).jpeg

Описание: C:\Users\User\Downloads\WhatsApp Image 2024-04-05 at 19.01.58 (2).jpeg

 

Описание: C:\Users\User\Downloads\WhatsApp Image 2024-04-05 at 19.01.57.jpeg

Описание: C:\Users\User\Downloads\WhatsApp Image 2024-04-05 at 19.01.58 (3).jpeg

  Описание: C:\Users\User\Downloads\WhatsApp Image 2024-04-05 at 19.01.58 (5).jpeg