ОҚМПУ презентациялар байқауының бас жүлдесін еншіледі.

08.06.21

 

 

ОҚМПУ-і "Қазақстан тарихы және әлеуметтік пәндер» кафедрасы «Рухани жаңғыру: қоғамдық сананы жаңғырту» республикалық презентациялар байқауын өткізді. Оған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қазақ ұлттық өнер академиясы, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері қатысты. Олар «Ұлы Даланың рухани және тарихи мұрасы» және «Қоғамдық сананы жаңғырту: әлеуметтік-мәдени аспектілер» секциялары бойынша білім сайысына түсті. Нәтижесінде бас жүлдені Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Ұлдана Бимырзақызы (ғылыми жетекшісі философия ғылымдарының кандидаты Қ.Д.Бегдаулетова) еншіледі. Ал «Ұлы Даланың рухани және тарихи мұрасы» секциясы бойынша бірінші орынды Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Ильяс Көпежанов ( ғылыми жетекші, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Ә.Бабажанова) иеленсе,

«Қоғамдық сананы жаңғырту: әлеуметтік-мәдени аспектілер» секциясы бойынша бірінші орын академик Е.А. Бөкетов атындағы Қараганды университетінің студенттері Айдана Алмажанова, Каролина Апсалямова және Дарья Шелковаға (ғылыми жетекші, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, доцент З.Х.Валитова) бұйырды.