БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША — АЛҒАШҚЫ ОНДЫҚТА!

«Атамекен» ҰКП рейтингіне Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 23 білім беру бағдарламасы қатысты. Нәтижесінде аталған бағдарламаның 11-і үздік ондыққа кірді.
Үздік бестікке кірген білім беру бағдарламалары:
- "6В01504 Химия мұғалімін даярлау" 3 орын.
- "6В01510 Физика-информатика мұғалімін даярлау" 3 орын.
- "6В01503 Информатика мұғалімін даярлау" 4 орын.
- "6В01402 Дене шынықтыру және спорт мұғалімін даярлау" 5 орын.
20 білім беру бағдарламасының жұмыспен қамтылу көрсеткіштері 70% асып, төртеуі 100% көрсеткішке ие болды:
- "6В01501 Математика мұғалімін даярлау"
- "6В01503 Информатика мұғалімін даярлау"
- "6В01504 Химия мұғалімін даярлау"
- "6В01801 Әлеуметтік педагогтарды даярлау".
Рейтинг нәтижелері университетіміздің академиялық беделі мен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандардың лайықты деңгейін растайды.