«Ғылым мен қоғамның дамуы — инновациялық даму жолы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде ғылым апталығы аясында «Ғылым мен қоғамның дамуы — инновациялық даму жолы» атты білім алушылар мен мектеп түлектері арасындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде.
Халықаралық жиын университет білім алушылары мен мектеп түлектері арасында ұйымдастырылуда.
Конференцияға қатысушы жас зерттеушілер педагогика саласындағы ізденістерін ағылшын тілінде баяндауда. Олар қазақ және ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің құрымдылық және мағыналық ерекшелігі, музыкалық мәтіндерді оқу құралы ретінде қолдану, тағы басқа көптеген тақырыптарға қызығушылық танытуда. Шараны университеттің шет тілдері кафедрасы ұйымдастырды.