Хабарландыру

Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті В015 – Биология мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламасы бойынша 2024 жылдың 18-19 сәуір күндері Шымкент қаласы, университет базасында өтетін XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтеді.

Олимпиада мақсаты: болашақ кадрларды одан әрі ғылыми қызметке тарту және еліміздің ғылыми әлеуетін кеңейту үшін олардың құзыреттіліктерін қалыптастыру және даму деңгейін анықтау.

       Олимпиаданың негізгі міндеттері:

        1.Білім алушылардың оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметіне ынталандыру;

        2. Білім алушылардың кәсіби және тұлғалық мүмкіндіктерін, олардың өзіндік санасын, шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін-өзі жүзеге асыру және өзін-өзі бекіту үшін жағдай жасау;

       3. Ең дарынды және дарынды білім алушыларды іріктеу және қолдау.

Олимпиада қазақша және орысша тілде өткізіледі.