ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Ғылым қызметкерлері күніне арналған ғылым апталығының жабылу салтанаты өтті.
Салтанатты рәсімді университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін уақытша атқарушы Гүлжан Сүгірбаева құттықтау сөзбен ашып, оқу орнында ғылым саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен қолдауларға тоқталды.
Бұдан кейін Ғылым саласы бойынша жетістікке жеткендер марапатталды. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Молдабек Құлахмет ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін иеленді. Сондай-ақ, министрліктің «Құрмет» грамотасымен Майра Кәдеева, Нұрлан Иманбаев, Айгүл Есімова, Айнагүл Ұзахова, Ғазиза Сманова, ал «Алғыс хатпен» Ұлбала Қайырбекова, Ақбаян Әлиева, Алтынай Қалжанова, Наиля Шертаева, Ақмарал Қарабаева, Роза Сыдықова марапатталды.
Бұл күні сондай-ақ, 2023 жылдың Ғылым саласындағы жетістіктері бойынша номинациялар да өз иесін тапты. «Үздік ардагер ғалым» номинациясы бойынша 50000 теңгелік сертификатпен Ольга Стычева, Расқұл Ибрагимов, Күлзада Оразымбетова , ал «Үздік ғалым» номинациясы бойынша 100000 теңгелік сертификатпен Нұрлан Иманбаев, «Үздік жас ғалым» коминациясы бойынша 100000 теңгелік сертификатпен Перизат Абдуразова, «Үздік жарияланым» номинациясы бойынша 75000 теңгелік сертификатпен Жанна Маханова марапатталды.
Апталықтың жабылу салтанатында университет Басқарма мүшесі-стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек «Өзбекәлі құбылысы: Тұлға тағылымы және педагогикалық құндылықтар» атты «Жәнібеков оқулары-1» Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында үздік баяндама жасағандарды марапаттады. Ал, Басқарма мүшесі–Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков Ғылым қызметкерлері күніне арналған апталыққа белсене қатысқандар мен Қ. Сәтбаевтың 125 жылыдығына арналған білім алушылардың дәстүрлі республикалық ХІІІ ғылыми-тәжірибелік конференциясында үздік баяндама жасағандарға диплом табыс етті.
Салтанатты шарада университет өнерпаздары әсем ән шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй тарту етті.