ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ

 

Чехияның Оломоуц қаласындағы Палацк университетінің 10 білім алушысы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда.

Жақында “Психологиялық қолдау” орталығының ұйымдастыруымен университетте шетелдік студенттерге арналған мотивациялық тренинг ұйымдастырылды. Тренингте орталық басшысы Г. Айтжанова “Болашаққа бір қадам” тақырыбы бойынша білім алушыларға жақсы энергия жинауға, жетістікке жетуге тәжірибе бөлісті.

Тренингтің мақсаты — қатысушылар арасындағы көшбасшылықты дамыту, өзара ынтымақтастықты арттыру мен алға нақты мақсат қойып, жетістікке жету. Іс-шара соңында білім алушылар сұрақтар қойып, қызығушылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін білдірді.