СУ БАСҚАН ӨҢІРДІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ КӨМЕК

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ұжымы еліміздегі су тасқыны орын алған аймақтарға қолұшын созуда.
Университеттің оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері бір күндік жалақысын төтенше жағдайдан зардап шеккен өңірдің студенттеріне аударды. Нақтырақ айтқанда, бұл қамқорлық Арқалықтағы суға кеткен аймақтардан келген, Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының 21 студентіне көрсетілді. Студенттердің әрқайсысына 300000 (үш жүз мың теңгеден) әлеуметтік көмек беріліп, университеттің есепшотына аталған қаржы аударылды.
Оқу орнының су басқан өңірлерге көмегі мұнымен шектелмейді. Ертең университет ауласынан өңірлерге азық-түлік, қажетті құрал-сайман артқан жүк көлігі жөнелтілмек.