ОРАЛҒА ЖҮК КӨЛІГІ ЖӨНЕЛТІЛДІ

 

Бүгін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ұжымы Орал қаласына қайырымдылық шарасы ретінде қажетті заттар жөнелтті.

Жүк көлігіне азық-түлік, оның ішінде ұн, қант, пісте май, тұз, күріш, макарон және сабын, балалар жөргегі сияқты гигиеналық заттар, сондай-ақ жылы төсеніштер мен жамылғылар тиелді. Бұл заттар су басқан аймақтағы ағайындардың өздері сұраныс білдірген қажеттілікті қамтиды, салмағы 16 тонна.

Айта кетелік, университет ұжымы атынан кеше Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтындағы 21 студенттің әрқайсысына 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аударылған еді. Қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.