СТУДЕНТТІК ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Биология мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша XVI Республикалық пән олимпиадасы басталды.
Пән олимпиадасының ашылу салтанатына Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек пен Басқарма мүшесі-Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Ержан Керімбеков қатысты.
Ал, жаратылыстану факультетінің деканы Айгүл Айтбаева олимпиада ережесімен таныстырды. Аталмыш сайыс екі кезеңді қамтиды, оның бірі теориялық, ал екіншісі практикалық тапсырмаларды орындау.
Олимпиада аясында арнайы кофе-брейк пен Түркістан қаласына саяхат ұйымдастырылған. Сайыс екі күнге жалғасады деп күтілуде.