«Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесі Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, 160012, А.Байтұрсынов көшесі, 13 мекенжайында орналасқан «Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ішкі аудит қызметінің басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды:
Қызметтің негізгі мақсаты Директорлар кеңесіне қоғамдағы тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен консультациялар беру болып табылады.
Қызметтің негізгі міндеттері:
ішкі бақылау жүйесін бағалау және жетілдіруге жәрдемдесу;
тәуекелдерді басқару жүйесін бағалау және жетілдіруге жәрдемдесу;
алаяқтық жасау тәуекелін және қоғамдағы алаяқтық тәуекелін басқарудың тиімділігін бағалау;
қоғамда корпоративтік басқару жүйесін бағалау және жетілдіруге жәрдемдесу;
бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыстығын, толықтығын, объективтілігін және қаржылық есептіліктің сенімділігін бағалау;
Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының, қоғамның ішкі нормативтік құжаттары талаптарының орындалуын бағалау;
қоғам ресурстарын пайдаланудың ұтымдылығы мен тиімділігін және қоғам активтерінің сақталуын қамтамасыз етудің қолданылатын әдістерін (тәсілдерін) бағалау;
ЕТҰ ішкі аудит қызметін, тексеру комиссияларын әдіснамалық қамтамасыз ету.
Қызмет басшысында болуы керек:
1) Қоғам қызметінің салалық бағыттарына сәйкес экономика және қаржы, және/немесе Бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе ақпараттық технологиялар және/немесе техникалық және/немесе заң саласындағы жоғары кәсіптік білім;
2) аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы және/немесе ақпараттық технологиялар саласындағы және/немесе қоғамның салалық ерекшелігіне сәйкес келетін техникалық саладағы және/немесе заң саласындағы жұмыс тәжірибесі-кемінде үш жыл;
3) Әдеп кодексін және стандарттарды білу және оларды қолдана білу;
4)Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде аудиторлық қызмет, Бухгалтерлік есеп, салық салу мәселелері бойынша білімі.
Сондай-ақ аудит және/немесе есеп және қаржы менеджменті және/немесе КТ-технологиялар саласында сертификаттың және/немесе біліктіліктің болуы, мемлекеттік және шет тілдерін білуі жөн.
Қызмет басшысын тағайындауды Директорлар кеңесі конкурстық іріктеу және тестілеуді (немесе әңгімелесуді) өткізу негізінде және/немесе Директорлар Кеңесі төрағасының қатысуымен жүзеге асырады.
Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:
1) жиырма бес жастан кіші;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар;
4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған адамдар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:
1) арнайы үлгідегі өтініш;
2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) 3х4 үлгідегі түрлі түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының арнайы үлгідегі қызметтік тізімі;
4) білім туралы құжаттар мен оларға қосымшалардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
5) жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу ic-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсететін қызметті алушылар Конкурсқа қатысушылар 6, 7 және 8-тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Шымкент қ., Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Байтұрсынов көш. №13, 230 кабинет (Казпочта арқылы), сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, info@okmpu.kz (электронды почта), анықтама телефоны: 87789028076, 30-14-59 (кадр бөлімі).
Конкурс өткізілетін күні мен орны: Хабарланады!