ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАЖАЙМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАДЫ
2 Желтоқсан 2024, 18:56
Медиа Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мемлекеттік мұражайымен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Меморандум Орталық Азия халықтарының бай тарихын зерттеу бойынша іс-шараларды жүргізуді, сәйкес бағыттар бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды, тараптардың жетекші мамандарын ғылыми-зерттеу қызметіне тартуды, ғылыми көрмелер, экскурсиялар, танымдық және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруды көздейді. Сондай-ақ, тарихи-ақпараттық ресурстармен өзара алмасуды, тараптардың мерзімді басылымдарында мақалалар мен материалдарды жариялауды, зерттеулер барысында жинақталған құнды жәдігерлер мен деректерді мұражайларға бірлесе ұсынады. Ресми келісім Жәнібеков университетіндегі «Тарих мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламасының білім алушыларына аталмыш мұражайда тәжірибелерін шыңдауға мүмкіндік береді. Мұражай директоры Бахтиер Хасанов Жәнібеков университетімен өзара ынтымақтастықтың екі тарапқа беретін мүмкіндіктерін жоғары бағалады.
Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мемлекеттік мұражайы – Өзбекстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, қуғын-сүргін салдарынан жазықсыз құрбан болғандардың есімін тарихта мәңгілікке қалдыру арқылы тарихи әділеттілікті қалпына келтіру мақсатында Ташкентте құрылды. Елдегі 130-дан астам мұражайдың ішіндегі ең жоғары маңызға ие орын.
Енді мекемемен өзара ынтымақтастық аясында тарихтас халықтардың ортақ құндылықтарын зерттеуде екі тарап бірлесе қызмет ететін болады.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
13 Наурыз 2026, 11:19
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
13 Наурыз 2026, 09:20
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
11 Наурыз 2026, 13:17
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
11 Наурыз 2026, 10:27
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
10 Наурыз 2026, 13:14
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
6 Наурыз 2026, 13:03
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
6 Наурыз 2026, 12:49
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
5 Наурыз 2026, 17:29
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам
3 Наурыз 2026, 13:39
Қаржылық қауіпсіздік: Цифрландыру және жасанды интелект дәуірінде
2 Наурыз 2026, 10:53