Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландырылатын AP19677375 «Білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің STEM-құзыреттерін қалыптастыру» (2023-2025 жж.) жобасы шеңберінде әзірленген «Орта білім берудегі STEM-тәсіл» пилоттық бағдарлама қыркүйек – желтоқсан аралығында іске асырылып өз мәресіне жетті. 4-курс студенттері – болашақ физика-информатика, химия, биология мұғалімдері пилоттық бағдарлама аясында жасалған жобаларын қорғады. Жоба жетекшісі — Абдрахманова Хадиша Кеңесқызы, физика кафедрасынын доцент м.а., х.ғ.к.
Жоба орындаушылары физика кафедрасының доценті Г.К. Орманова, биология кафедрасының доценті Э.Б. Жаппарбергенова, химия кафедрасының доценті Б. Шағраева, информатика кафедрасының доценті Г.К.Нұрмұханбетова, инженер З. Рахматулланың жетекшіліктерімен студенттер заманауи әдістер мен технологияларды қолдана отырып, жаратылыстану пәндеріне байланысты STEM-құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған шығармашылық жобалар дайындады. Бұл жобалардың әрқайсысы білім алушылардың инженерлік дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін және инновациялық ойлауын дамытуға ықпал етеді.
Жобалар STEM-технология негізінде жасалған жаңашыл шешімдерді қамтып, білім беру және өмірдің өзге салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге арналған. Қатысушылар ұсынған жобалардың тақырыптары:
• STEM білім беру негізінде Экологиялық тиімді қоқыс жәшігін жобалау: сенсорлық басқару тәсілі (Ердалы Бақыткүл, Күшімбаев Саятбек, Орынбасаров Бақдәулет, Төребекқызы Майра).
• STEM технология негізінде әскери салада қолданылатын дрон дайындау (Октябрь Нұрқанат, Әбдірахымов Тайыржан, Рахымбек Мейрамбек).
• Ақылды жылыжай (Шайзада Қуаныш, Қадірқұлова Феруза, Тоқтарова Ақсымбат, Әжібай Үсен, Төребекқызы Майра).
• Ақылды киіз үй (Орынбасаров Бақдәулет, Қожахметов Назар, Омар Алмат, Рахымбек Мейрамбек).
• Тюльпан Грейга өсімдігінің биологиялық ерекшеліктерін зерттеу (Әжібай Үсен, Кеңесбай Ақерке, Орынбасар Бақдаулет).
• Шпинат өсімдігін 3D гербарий түрінде жасақтау (Омар Алмат, Әбдіқасым Ақерке, Октябрь Нұрқанат).
• ББҚ жергілікті өсімдіктерден жасау (Бекжанқызы Аида, Қалысбек Дариға, Жұмаділлә Айнаш).
• Шымкент қаласындағы тұрмыстық судың сапасын анықтау (Төребекқызы Майра, Жұмаділлә Айнаш, Рахымбек Мейрамбек, Бекжан Аида, Қадірқұлова Феруза).
• Бейорганикалық химия пәнінен желілік контент әзірлеу (Төребекқызы Майра, Жұмаділлә Айнаш, Рахымбек Мейрамбек, Омар Алмат, Тоқтарова Ақсымбат).
Іс-шараға физика-математика факультетінің деканы Ибашова Альмира, Гази университетнің професоры Хусейн Ақкуш арнайы шақырылды. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушы басқа да жоба орындаушылары білім беру үдерісінде оқытушылардың бағыттаушы рөлі мен студенттердің белсенділігін арттыру жолдары туралы өз ойларымен бөлісті. Жоба қорғау барысында заманауи STEM технологияларының дәстүрлі әдістерден артықшылықтары кеңінен талқыланды. Бұл студенттердің жаңа білім беру әдістерін меңгеруге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді. Іс-шара өте мазмұнды әрі әсерлі өтіп, студенттерге өз жобаларын кәсіби деңгейде қорғау тәжірибесін берді.