«ҚХА ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІ НЫҒАЙТУДАҒЫ РӨЛІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЛЕКТОРИЙ ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «ҚХА қоғамдық құрылымдарының қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі» атты республикалық лекторий өтті.
Қоғамдық келісім мен халықтар арасындағы ынтымақты
дәріптеуге келген қонақтар университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін
атқарушы Гүлжан Сүгірбаеваның қабылдауында болды. Бұдан кейін мәжіліс залында
өткен жиында ҚХА төрағасы орынбасары Лугмар Буларов, Кеңестік және қазақ кино
және театр актері, театр педагогы, профессор, Қазақстанның халық әртісі
Тілектес Мейрамов, Шымкент университеті жаратылыстану және гуманитарлық
ғылымдар факультетінің деканы, география ғылымының кандидаты Алтынбай
Сәулембаев жастарға қоғамдық келісім негізінде өмір сүрудің мән-мағынасын
түсіндірді. Осы мақсатта жұмыс істеп жатқан ұйымдардың жұмысына тоқталды.
Жиынды университет жастар ісі және тәрбие
департаментінің директоры Қайрат Анарбеков жүргізіп, қорытындылады. Қонақтар
студенттер сауалына жауап берді.
Осыған ұқсас
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ
DIGITAL NAURYZ - 2026 БАҒДАРЛАМАСЫ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН СӘТТІ ҚОРҒАУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
AI-SANA: ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАДАМ
«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
ӘЛЕМНІҢ МӘНІ — ӘЙЕЛДЕ!
УНИВЕРСИТЕТ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
ҒАСЫР МЕРЕЙТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҒАЛЫМ ҚАПИРА СӘДУАҚАСОВА АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ
AI-SANA: Университеттің цифрлық трансформациясындағы стратегиялық қадам