Жобаның тақырыбы: АР19175630
STEM білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының метапәндік білігін
қалыптастырудың жүйесін әзірлеу.
Зерттеу объектісі: жалпы
білім беретін мектептегі бастауыш білім беру үдерісі.
Жұмыстың мақсаты:
STEM білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының метапәндік білігін
қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау және жүйесін әзірлеу.
Жобаның ұзақтығы: 35
ай
Тақырыптың өзектілігі: ҚР 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында: «... оқуға,
жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді
пайдалануға тиіс» деп білім, білік, дағдыларын меңгеруге аса көңіл бөледі.
Ендеше, бұл ғылым, инженерия, технология, математика ғылымдарын пәнаралық
байланыста оқытудың мүмкіндіктерін жасап, сыни ойлау және проблемаларды шешу,
жаңа ғылымды игеруге деген белсенділікті ояту, жаңашыл көзқарас білдіру,
ақпаратты талдау, саралау және қайта өңдеу білігін қамтамасыз етуді көздейді.
STEM білім беру жағдайында оқытудың басты мақсаты -
интеграцияланған тақырыптар бойынша білім беру, ғылыми-техникалық білімді
өмірде қолдана білуге бағытталған білім берудің барынша жоғары деңгейін іске
асыруды қамтамасыз ететін жүйе құру.
Жобаның негізгі міндеттері:
1. Бастауыш
сынып оқушыларының метапәндік білігін қалыптастыру мәселесі бойынша
философиялық, психологиялық, педагогикалық, ғылыми-әдістемелік еңбектерді
зерттеу және талдау.
2. Бастауыш
білім беру процесін STEM білім беру жағдайында ұйымдастырудың нақты тәжірибесін
талдау және метапәндік біліктерін қалыптастырудың мүмкіндіктерін анықтау.
3. STEM
білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық ойлауы мен
бірнеше пәндер аясында игерілген әмбебап оқу әрекеттері арқылы құруды
қамтамасыз ететін метапәндік білігін қалыптастыру жүйесін әзірлеу.
4. STEM
білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының метапәндік білігін
қалыптастыруға және оларды бастауыш білім беру процесінің тәжірибесіне енгізуге
бағытталған педагогикалық іс-шаралар (STEM тренингтері, коучинг, жеке сабақтар
және т.с.с.) ұйымдастыру және оны іске асыру.
5. STEM
білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының метапәндік білігін
қалыптастыруға бағытталған «Әлемнің құпиясы» атты авторлық курс бағдарламасын
әзірлеу.
6. STEM
білім беру жағдайында «Әлемнің құпиясы» атты авторлық курс бағдарламасы бойынша
танымдық, пәнаралық, метапәндік тапсырмалар (электронды түрде) әзірлеу.
7. STEM
білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының метапәндік білігін
қалыптастыруға бағытталған әдістемелік кешен: 1-4 сынып оқушыларына арналған
«Метапәндік тапсырмалар» жинағын, мұғалімдер мен ЖОО-ның оқытушыларына арналған
«STEM білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының метапәндік білігін
қалыптастыру негіздері» атты ғылыми-әдістемелік семинар бағдарламасын әзірлеу
және оны сынақтан өткізу.
8. Зерттеу
нәтижелерін Scopus деректер базасында
CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар ғылыми басылымдарда 2
(екі) мақала және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда 2 мақала
жариялау.
Жобаның күтілетін негізгі нәтижелері
|
Негізгі қол жеткізген нәтижелер
|
2023 жыл
|
- бастауыш сынып оқушыларының метапәндік білігін
қалыптастыру мәселесінің зерттелу жайы мен оларды шешу жолдары туралы ғылыми
негізделген тұжырымдар;
|
STEM білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының
метапәндік білігін қалыптастыру мәселесі бойынша философиялық, психологиялық,
педагогикалық, ғылыми-әдістемелік еңбектері зерделенді және талданды.
|
- STEM білім беру жағдайында бастауыш сынып
оқушыларының метапәндік білігін қалыптастырудың мүмкіндіктерін анықтау және
негіздеу;
|
STEM білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының
метапәндік біліктерін қалыптастырудың мүмкіндіктері анықталды: бірінші
мүмкіндік - оқу процесін жоспарлауда метапәндік біліктерді қалыптастыруға
бағытталған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыруды және енгізуді қамтиды; екінші
мүмкіндік - STEM білім беру жағдайында оқыту арқылы бастауыш сынып
оқушыларының бейнелі ой-өрісі дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен
байланыстыру арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін
ғылыми-жаратылыстану және қоғамдық-гуманитарлық пәндерді кіріктіре оқытудың
нәтижесінде оқушыларда әлемнің тұтас бейнесі қалыптасады; үшінші мүмкіндік -
метапәндік біліктерді дамытуға бағытталған арнайы әдіс-тәсілдерді қолдануға
бағытталған; төртінші мүмкіндік - STEM жағдайында оқушылардың зерттеу
дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін кіріктірілген жобаларды іске асыруға
бағытталған; бесінші мүмкіндік - бастауыш сынып оқушыларына арналған «Әлемнің
құпиясы» атты факультативті курс бағдарламасын әзірлеп, оқу процесіне ендіру.
|
2024 жыл
|
- STEM білім беру жағдайында бастауыш сынып
оқушыларының метапәндік білігін қалыптастырудың әдістемелік жүйесін әзірлеу;
|
Зерттеу барысында STEM білім беру жағдайында бастауыш
сынып оқушыларының метапәндік білігін қалыптастырудың әдістемелік жүйесі
әзірленді. Әдістемелік жүйенің құрылымы: әдістемелік жүйенің мақсаты мен
міндеттерін; бастауыш сынып оқушыларының метапәндік біліктерін
қалыптастырудың тұжырымдамалық негізін; STEM арқылы оқытудың құралдары мен әдістерін; STEM-білім беру
жағдайында бастауыш сынып оқушыларының метапәндік біліктерін қалыптастырудың
жолдарын: бірінші жолы - пәнаралық және метапәндік тапсырмалар, екінші жолы -
кіріктірілген жобаларды іске асырумен қамтамасыз етіледі.
|
- STEM білім беру жағдайында бастауыш сынып
оқушыларының метапәндік білігін қалыптастыру және бастауыш білім беру
процесінің тәжірибесіне енгізуге бағытталған педагогикалық іс-шаралар кешенін
ұйымдастыру;
|
ЖОО оқытушылары мен Шымкент қаласы, Қ.Спатаев атындағы
№7 IT мектеп-лицейі мұғалімдеріне «STEM арқылы оқыту» атты әдістемелік
семинар ұйымдастырылды. Әдістемелік семинар барысында «STEM білім беру
жағдайында оқытудың мүмкіндіктері» туралы баяндама жасалып, STEM білім беру
жағдайында PhET стимуляцияларын қолдану мүмкіндіктері айқындалып, «STEM
технологиясын бастауыш білім беру процесіне енгізу жолдары» тақырыбында
пікірталас (ой бөлісу, талқылау, диспут және т.б.) ұйымдастырылып, STEM
негізінде әзірленген шағын жобалар ұсынылды.
Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларымен «Магниттің сыры»
атты тақырыпта тәжірибе жұмыстары, «Мен инженермін» атты тақырыпта ақылды
үйдің жобасы таныстырылып; «Мен зерттеушімін» атты тақырыпта жасанды жанартау
тәжірибесі және т.б. жұмыстар ұйымдастырылып, іске асырылды.
|
- STEM білім беру жағдайында бастауыш сынып
оқушыларының метапәндік білігін қалыптастыруға бағытталған «Әлемнің құпиясы»
атты авторлық курс бағдарламасын әзірлеу.
|
STEM білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының
метапәндік білігін қалыптастыруға бағытталған «Әлемнің құпиясы» атты 34 сағаттан
тұратын авторлық курс бағдарламасы әзірленді. Авторлық курс бағдарламасында
STEM білім беру жағдайында оқу процесін ұйымдастыру, метапәндік біліктерді қалыптастыруға
бағытталған тапсырмалар жан-жақты қарастырылды. Сондай-ақ, авторлық курс
бағдарламасының күнтізбелік тақырыптық жоспары мен қысқа мерзімді жоспары
құрастырылды. Тапсырмалар жүйесі зерттеу және тәжірибелік жұмыстар, STEM
негізінде жоба әзірлеу және ақпараттық мәтіндерді талдау арқылы ұсынылды.
|
Жарияланған
және қабылданған ғылыми жұмыстардың тізімі
2023
жылғы ақпан айынан 2024 жылғы желтоқсанға дейінгі кезең
№
|
Жұмыстардың авторлары мен атаулары
|
Ескерту
|
2023 жылға
|
Халықаралық ғылыми конференцияларда жарияланған ғылыми
еңбектер:
|
1
|
STEM білім беру жағдайында
метапәндік біліктерін қалыптастырудың мүмкіндіктері // Аса көрнекті қаламгер, ағартушы, педагог,
журналист Жүсіпбек Аймауытұлының 135 жылдығына орай «Алаш ардақтысы Жүсіпбек
Аймауытұлының рухани мұрасы: ұлттық идея,
мәдениет және көркемдік құндылықтар» атты халықаралық
ғылыми-практикалық
конференциясының ғылыми
мақалалар жинағы. – Шымкент, 2023 жыл. Б.17-22
|
|
2
|
Yesnazar A.Zh. Interdisciplinary teaching of primary
education subjects // International
education congress 2023. Conference abstract book. Ankara, 2023. - pp.
1317-1323
|
|
3
|
«Метапән» ұғымының зерттелу жайы // «Ғылым және
инновациялар: жаңалықтар, мәселелер мен жетістіктер» халықаралық ғылыми
конференцияның материалдар жинағы. Астана, 2023. Б. 226-229
|
|
2024 жылға
|
Шетел ғылыми-тәжірибелік конференцияларында жарияланған мақалалар:
|
1
|
STEM білім беру бағытында бастауыш сынып оқушыларының
шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру // «Өзбекәлі Жәнібеков құбылысы: тұлға
тағылымы және педагогикалық құндылықтар» атты «Жәнібеков оқулары-1»
Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының ғылыми мақалалар жинағы. 2024.
- Б. 114-118.
|
|
Scopus немесе Jstore
базасындағы басылымдарда жарияланған
ғылыми еңбектер:
|
2
|
Yesnazar A. et al. Methodological system for the
formation of meta-subject skills of primary school students in the context of
STEM education // Frontiers in
Education. – Frontiers Media SA, 2024. – Т. 9. – С. 1340361. (Процентиль
62).
|
|
Оқу-әдістемелік құралдар
|
3
|
Әлемнің құпиясы.
Авторлық курс бағдарлама
/ Есназар А.Ж. – Шымкент:
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы
Оңтүстік Қазақстан
педагогикалық университеті, 2024 - 64 бет.
|
|
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім
министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету
комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда жарияланған ғылыми
еңбектер:
|
4
|
Design of a lesson plan in the context of STEM
education for perspective primary school teachers. Abai Kazakh National
Pedagogical University. Journal “Pedagogy and Psychology”. Volume 59 (2024):
Issue 2 (June 2024).
|
|
Орындаушы
тобының тізімі
Р/с №
|
Т.А.Ә. (бар болса),
білімі, дәрежесі, ғылыми атағы
|
Негізгі жұмыс орны,
лауазымы
|
Хирш индексі,
ResearcherID, ORCID, Scopus Author ID сәйкестендіргіштері (бар болса)
|
Жобадағы немесе
бағдарламадағы рөлі, сондай-ақ орындалатын жұмыстың сипаты
|
1
|
Есназар Асель
Жаңабергенқызы
PhD, аға оқытушы
|
Өзбекәлі Жәнібеков
атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті,
«Бастауышта оқыту
әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы
|
Хирша индексі - 2
ID идентификатор: https://orcid.org/0000-0002-8658-0135
|
Ғылыми жетекші
|
2
|
Жорабекова Айнур
Назимбековна
PhD, қауымдастырылған
профессор
|
М.Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан университеті,
«Техникалық мамандықтар
бойынша шетел тілі» кафедрасының меңгерушісі
|
Хирша индексі - 4
ID идентификатор: https://orcid.org/0000-0003-2697-8077
|
Ғылыми
кеңесші
|