Zhanibekov university logo
Image

Химия

Кафедра Жаратылыстану
Image

Керимбаева Куляш Заурбековна

Керимбаева Куляш Заурбековна

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент 

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы Шақпақбаба аулында 1962 жылы 17 желтоқсанда дүниеге келген.

Білімі:

1969 -1979 жылдары С.Т.Бреусов атындағы орта мектепте оқыды. 1980-1985 жылдары  Қазақ химико-технологиялық институты, бейорганикалық заттар технологиясы факультетін инженер-химик мамандығы бойынша бітірді. 2000 жылдың 23 ақпанында  “Өсімдіктер шикізаттарының химия”  институтында 02.00.03-Химия мамандығы бойынша  “Усовершенствование технологии получения ксилита из растительного сырья” тақырыбы бойынша Д.015.40.01 арнайы диссертациялық Кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2000 жылдың 26 октябрінде Химия мамандығы бойынша  техника ғылымдарының  кандидаты (Doktor of philosophy (Ph.D.) дәрежесі берілді. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің 2006 жылдың 1 июліндегі шешімімен –“Химия” мамандығы бойынша доцент  ғылыми атағы берілді.

Қызметі:

  1985-1992 жылдары  институттың жолдамасымен Тәжікстан Республикасының Яван қаласындағы ’’Таджикхимпром’’ өндіріс бірлестігінде  смен мастері, өндіріс инженері, инженер конструктор  қызметін атқарды. 1992-1998 жылдары М.Әуезов  атындағы Шымкент педагогикалық  институты және ХҚТУ ШИ-ның  “Жалпы химия” кафедрасында аға лаборант,  оқытушы қызметін атқарды. 1999-2005 жылдары  ХҚТУ ШИ-ның, АИУ-нің “Химия” кафедрасында  аға оқытушы. 2006-2025 жылдан  ХҚТУ ШИ-ның, АИУ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында доцент, Ө.Жәнібеков  атындағы ОҚПУ-нің  “Химия” кафедрасынының доценті.

     Педагогикалық қызметі:

“Жалпы химия”, “Бейорганикалық химияның теориялық негіздері”, “Периодтық жүйедегі элементтер химиясы” пәндері бойынша дәрістер оқып, сабақ жүргізеді.

Ғылыми қызметі:

Химияны оқытудың инновациялық тәсілдері бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен  айналысады. Ғылыми жұмыстардың нәтижелері ғылыми конференцияларда және басылымдарда жарияланған.   200 ғылыми-әдістемелік  еңбектері жарияланды: 2- монография, 122-ғылыми мақалалар мен конференция тезистері, 6-электрондық оқулық, 70-оқу құралдары мен оқу-әдістемелік нұсқаулары.

       Қоғамдық жұмыстары:  Кафедраның  оқу жұмыстары, топ тәлімгері.

       Жалпы стажы – 45 жыл, педагогикалық стажы –31 жыл. 

       E-mail: kulyash_62@mail.ru