Zhanibekov university logo
Image

Музыкалық білім

Кафедра Өнер және білім
Image

Абуов Амрекул Ергешович

1978-1982жж. Шымкент музыкалық училищесі, кларнет класы, біліктілігі: артист, кларнет класы оқытушысы;

1982- 1986 жж. әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институты, мәдени тынығу жұмысы мамандығы, біліктілігі: мәдени-ағарту қызметкері, эстрадалық және үрмелі аспаптар, көркемөнерпаздар оркестрінің жетекшісі.

2006ж. Педагогика ғылымдарының кандидаты;

2012ж. Философия ғылымдарының докторы;

2021ж. Қауымдастырылған профессор (доцент).

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері; «Қазақстан Республкасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі; «Қазақстан Республикасының Ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері; «Астана 20 жыл» мерекелік медалінің иегері; «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалі; «Халық алғысы» мерекелік медалі; Кеңес одағының батыры Генерал Сабыр Рақымов медалі; «Ерен еңбегі үшін» медалі; «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық медалі; ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамотасы.