Zhanibekov university logo
Image

Математика

Кафедра Физика-математика
Image

Қадірбаева Роза Ізтілеуқызы

Өмірбаян

 Қадірбаева Роза Ізтілеуқызы 10.09.1961 жылы қазіргі Түркістан облысы, Нұртас ауылында дүниеге келіп, сол жерде Амангелді атындағы орта мектепті 1978 жылы бітіріп шықты. Сол жылы С.Киров атындағы ҚазМУ-нің Математика факультетіне оқуға түсіп, 1983 жылы «Математик.Оқытушы» мамандығын алды.

Еңбек жолы: Жезқазған педагогикалық институтының оқытушысы (1983-1990), М.Әуезов атындағы Чимкент педагогикалық институтының аға оқытушысы (1990-1995), Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институтында орталық басшысы, декан (1995-2008), ХҚТУ вице-президенті (2008-2013), «Біліктілік арттырудың ұлттық орталығы «Өрлеу» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысының филиалында кафедра меңгерушісі (2013-2014), ОҚМПИ-дың «Информатика» кафедрасының доценті және «Ғылыми-зерттеу бағдарламаларын сараптау орталығының» басшысы (2014-2016), «Тарих және педагогика» факультетінің деканы (2016), Математика кафедрасының меңгерушісі (2016-2021), Педагогикалық-инновация орталығының басшысы (2021), 2022-2023 оқу жылынан бастап бүгінге дейін Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Математика» кафедрасының доценті.

Марапаттары: "ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі (2009); ОҚМПИ-дың 80 жылдығы төсбелгісі (2017); ҚР БҒМ "ЖОО үздік оқытушысы -2020" атағының иегері;  ҒЖБМ-нің «Құрмет грамотасы» (2022); "Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін" төсбелгісі (2024).

Ғылыми-ізденіс жұмыстарының нәтижесінде 13.00.02 шифры бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты (1996), доцент (2002), 13.00.08 шифры бойынша педагогика ғылымдарының докторы (2012) ғылыми дәрежелері мен атақтарына ие болды. Докторлық диссертацияның тақырыбы: Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері. Университетте жұмыс істеу кезеңінде «Алгебра және сандар теориясы», «Математиканы оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану» және «Ғылыми зерттеу әдістері» пәндерінен дәріс оқиды. Оқытушылық қызметпен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысады: соңғы 5 жылда 50-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектер жарық көрді, оның ішінде Скопус базасындағы журналдарда – 7 (процентилі 35 тен жоғары); ЖБССҚЕК ұсынатын басылымдарда – 25; Халықаралық лицензияланатын ғылыми журналдарда - 7; Шетелдік халықаралық конференцияларда – 15; 2 монография мен 4 оқу құралы бар. Зерттеу жұмысында алынған нәтижелер бойынша 3 авторлық куәліктер бар. Ғылыми-әдістемелік еңбектердің жалпы саны - 160-тан астам. Оның ішінде соңғы жылдардағы негізгі еңбектері:

1.    Methodology of application of blended learning technology in mathematics education // Cypriot Journal of Educational Sciences17(4), 2022, 1117–1129. (авторлық бірлестікпен).

2.    Investigation of Mobile Learning Readiness of Students According to Tablet Usage // International Journal of Emerging Technologies in Learning (iJET) – eISSN: 1863-0383, 2022, РР 74-86 (авторлық бірлестікпен).

3.    Болашақ математика мұғалімдерін даярлау процесінде аралас оқыту технологиясын қолданудың ерекшеліктері // Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Хабаршысы “Педагогика ғылымдары” сериясы, -Алматы, 2024. -№ 4, Б. 415-437 (Қ.Әтірбекпен авторлық бірлестікте).

4.    Формирование профессиональной компетентности будущих учителей посредством разработки информационно-коммуникационных предметных сред. Монография. Шымкент, типография «Әлем» 2020. –204с. (А.Әмірбековпен авторлық бірлестікте).

5.    Аралас оқыту технологиясына кіріспе: монография. - Шымкент: «Әлем» баспаханасы, 2022. - 80 б.

6.    Алгебра және сандар теориясы.Оқу құралы. –Шымкент: «Әлем» баспаханасы, 2022.-180 б.

7.    Математиканы оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану. Оқу құралы  - Шымкент,  «Әлем» баспаханасы, 2020 ж. – 256 б.