1949 жылы 13 қазанда ОҚО Сарыағаш
ауданының Полторацкое е/м дүниеге келген. 1968 жылы Сарыағаш ауданындағы
М.Горький атындағы №5 орта мектепті бітірген.
1975 жылы Ташкент Мемлекеттік
университетін математика мамандығы бойынша бітіріп, жолдамамен, Шымкент
педагогикалық институтының «Жоғары математика» кафедрасына оқытушы қызметіне
қабылданды. 1975-1993 жылдар аралығында осы институтта оқытушы, аға оқытушы
қызметтерін атқарды.
1993 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы
Халықаралық Қазақ-түрік университетінің Шымкент институтында деканның
орынбасары, 1995 жылдан 2011 жылға дейін «Жоғары математика» кафедрасының
меңгерушісі және магистратура бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2011 жылғы қыркүйектен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық
институтының «Математика, физика және кәсіптік оқыту» факультеттінің деканы
қызметін атқарды.
1990 жылы Өзбекстан Ғылыми Академиясының механика және ҚСТ институтында
физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне кандидаттық
диссертация қорғады. 1995 жылы доцент ғылыми атағына ие болды.
Қ.Абдрахманов 40 астам ғылыми мақала, 15- оқу-әдістемелік құралдарының
авторы, 4 магистрантқа ғылыми жетекшілік
жасап, магистрлік диссертация қорғатқан.
Қ.Абдрахманов жоғары білікті педагог кадрларды даярлаудағы, жас ұрпақты
тәрбиелеудегі көп жылдық еңбегі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс
хатымен және институтпен университет ректораты тарапынан алғыс хаттармен, мақтау грамоталарымен марапатталған. “Ерең еңбегі үшін”, “Облысқа сіңірген еңбегі
үшін” ,“ОҚМПУ-нің 80 жылдығына” арналған төсбелгілерімен марапатталған. Қ.Р.
Б.ж.Ж.Б министрлігі (министр С.Нұрбек) Құрмет грамотасы 2022 ж. Қазақстандық
оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподақ
төсбелгісі “Кәсіподақ ардагері” 2024 ж.
1978 -2018 жылдар аралығында оқушылардың
облыстық математикалық олимпиадалары және ғылыми жобалар конкурстарының
әділ-қазылар мүшесі және төрағасы болып жұмыс атқарды.
2008-2017 жылдар аралығында облысымызда “Новосибирск
математикалық олимпиадасын” ұйымдастырып, өткізіп, 200-ден аса облысымыздың
математикалық дарыны бар оқушыларын Новосибирск университетінің “физика-математикалық
мектебінің” жазғы лагерлеріне қатыстырып, жүлделі орындар алып қайтқан.
Қазіргі кезге дейін мыңдаған шәкірттері
облысымыздың және республикамыздың түкпір-тукпірінде жемісті еңбек етуде. Олардың
арасында белгілі қоғам қайраткерлері, ғылым докторлары, ғылым кандидаттары
еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.
Отбасылы, 2 ұл және 2 қыз, 13 немере, 3 шөбере тәрбиелеп өсіруде.