Zhanibekov university logo
Image

Математика

Кафедра Физика-математика
Image

Әмірбекұлы Алданазар

Әмірбекұлы Алданазар

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Әмірбекұлы Алданазар 1951 жылы 13 сәуір күні, Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген (қаргі Ордабасы) ауданы, ХХІ партсъезд кеңшарының Карл Маркс бөлімшесінде шаруа отбасында туылған. 

1968 жылы, ХХІ партсъезд кеңшарының Телман бөлімшесіндегі Ленин атындағы № 29 орта мектебін алтын медалмен бітіріп, С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің механика-математика факультетіне оқуға қабылданған. 1973 жылы университетті “математик”, “математика оқытушысы” мамандығы бойынша аяқтап, М. Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық  институтына жолдамамен оқытушы қызметіне қабыланған.

1980 жылы  Қазақ Мемлекеттік университетіне фмғк, доцент Т. Досымовтың жетекшілігімен аспирантураға оқуға  қабылданып, оны 1983 жылы бітірген. 1996 жылы, пғд, профессор М. Құдайқұловтың жетекшілігімен, фмғк, фғд, профессор Қ. Б.Бектаевтың кеңесшілігімен, ҚР БМ Қазақтың білім проблемалары институты жанындағы мамандандырылған кеңеінің шешіммен (№31 хаттама, 18.03. 1996 ж.) педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.

2000 жылы ҚР ҒжЖБ министрлігі Жоғары аттастациялық комиссиясының шешмімен (№4 хаттама, 22.11.2000 ж.)  педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алған.

1996-2010 жылдары “Информатика және есептеуіш техника” кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

130-дан астам ғылыми  мақаласы 6 оқу-әдістемелік құралдары, 1 монографиясы жарық көрген. 5 педагогикалық ғылым кандидаттарын, 2 магистр қорғатып шығарған.

1998 жылы ҚР білім беру ісінің үздігі (№ 90442, 08.12.1998) төсбелгісімен, 2012 жылы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі жетістіктері үшін Ы. Алтынсарин (№374,12.11.2012 ж.) төсбелгісімен, 2017жылы ОҚМПУ-дың 80 жылдығы төсбелгісімен,   2020 жылы білім мен ғылым саласында қосқан айрықша еңбегі үшін, ҚР Bilim-orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының “Ұстаз-ұлағатты есім” төсбелгісмен ( № 002, Нұр-Сұлтан, 2020 ж.), 2021 жылы, ғылым мен білім ісіне қосқан үлесі үшін, ТМД-ның “Үздік педагог 2021” төсбелгісімн (№ 045, Нұр-Сұлтан, 2021)  марапатталған.