Сейлбеков Болат Нагашбекұлы, 30.10.1984 жылы қазіргі Түркістан облысы, Бабай-қорған ауылы, Үлгілі бөлімшесінде дүниеге келіп, сол жерде Маулен Балақаев атындағы орта мектепті 2001 жылы бітіріп шықты. 2001-2005 жылдарда Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «030100- Математика» пәні бойынша бакалавр мамандығын алды. 2007-2009 жылдарында Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «6N0601-Математика» пәні бойынша магистр дәрежесін алды. 2018-2021 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы ұлттық университетінің «6D060100-Математика» пәні бойынша докторантурада оқыдым.
Еңбек жолы:
2005-2016 жылдары Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, Кентау институтында математика пәнінің оқытушысы.
2016-2017 жылдары Астана қаласы №73 физика-техникалық лицейінде математика пәнінің оқытушысы.
2017-2018 жылары Түркістан облысы, Кентау қаласындағы №4 лицейінде математика пәнінің оқытушысы.
2021-2022 жылдары Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде математика пәнінің аға оқытушысы.
2022 жылдан бастап М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдары» ғылыми зерттеу институтының «Теориялық және қолданбалы математика» ғылыми орталығы аға ғылыми қызметін атқарудамын. Ғылыми-ізденіс жұмыстарының нәтижесінде «6D060100-Математика» мамандығы бойынша философия докторы дәрежесін алдым.
Диссертацияның тақырыбы: Бөлшек ретті интегралдық операторларының салмақты бағалау.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары: соңғы 5 жылда 6-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектер жарық көрді, оның ішінде Web of Science базасындағы журналдарда – 3 (процентилі 35 тен жоғары); ЖБССҚЕК ұсынатын басылымдарда – 3; Шетелдік халықаралық конференцияларда – 8 жұмыс жарияланған.
Ғылыми-әдістемелік еңбектердің жалпы саны - 7-тан астам. Оның ішінде соңғы жылдардағы негізгі еңбектері:
1. Abylayeva, A., Oinarov, R. Seilbekov, B. Boundedness and compactness of a class of integral operators with power and logarithmic singularity when p q . Journal of Inequal. And Appl. (JIA), - 2022. 23.-P.1-11. https://doi.org/10.1186/s13660-022-02758-4 (Web of science – Q1 )
2. Imanbetova, A., Sarsenbi, A., Seilbekov, B. Inverse Problem for a Fourth-Order Hyperbolic Equation with a Complex-Valued Coefficient. Mathematics 2023, 11(15), 3432; https://doi.org/10.3390/math11153 432 (Web of science – Q1 )
3. Imanbetova, A., Sarsenbi, A., Seilbekov, B. Bulletin of the Karaganda University. Mathematics series, No. 1(113), 2024, pp. 60–72. https://doi.org/10.31489/2024m1/60-72 (Web of science – Q2 )
4. Imanbetova, A., Sarsenbi, A., Seilbekov, B. Inverse problems for the beam vibration equation with involution. Vestn. Udmurtsk. Univ. Mat. Mekh. Komp. Nauki, 33:3 (2023), 452– 466. https://doi.org/10.35634/vm230305 (Web of science – Q4 )
5. Абылаева А.М., Байарыстанов А.О., Сейлбеков Б.Н. Компактность одного класса оператора дробного интегрирования с переменным верхним пределом. Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының ХАБАРШЫСЫ №4(82) Алматы 2021
6. Абылаева А.М., Сейлбеков Б.Н. При p>q весовые неравенство оператора дробного интегрирования. Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Физика-математика ғылымдары» серия, №3(139), 2020