Алматов Жүсіп Қадырұлы. химия ғылымдарының кандидаты, профессор.
Шымкент педагогикалық
институтының физика-математика факультетін 1961 жылы бітіріп, осы институтта
(унверситетімізде) физика кафедрасының оқытушысы болып еңбек жолын бастаған.
1975 жылы «Сравнительные исследования в области фотографических и
фотоэлектрических методов атомно-абсорбционного определения следов элементов»
деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1979 жылы теориялық физика
және механика кафедрасының доценті ғылыми атағын алған.1977-1981жылдары
институттың дайындықбөлімінің меңгерушісі, 1981-1992 жылдары физика
кафедрасының менгерушісі қызметтерін атқарды. 2008 жылы ХҚТУ сенаты шешімімен
профессор атағы берілді.1979 жылы социалистік жарыстың жеңімпазы медалімен
марапатталды. 1980 жылы «ҚазКСР халық ағарту ісінің үздігі» атанды. 1987 жылы
Кеңес Одағының жоғарғы білім беру саласындағы жетістіктері үшін «Еңбектегі озат
жетістігі үшін» белгісімен, 1991 жылы «Ы. Алтынсарин» медалімен, 1995 жылы
Шымкент қалалық мәслихатының грамотасымен марапатталды. 2001 жылы ХҚТУ
Президенті О. Сабденнің, 2003 жылы ХҚТУ Президенті С.Ж. Пірәлиевтің, 2005 жылы
ХҚТУ ШИ директоры Л.Т. Ташимовтың алғыс хаттарымен марапатталып, 2006 жылы
«Үздік тәлімгер» атанды. Кейінгі жылдары Ж.Қ. Алматовтың жетекшілігімен
орындалған студенттердің және оқушылардың ғылыми жұмыстары облыстық,
республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегері болды. Қазіргі уақытта
Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің физика
кафедрасының оқытушы қызметін жалғастыруда. Жарық көрген 94 еңбегі, оның ішінде
1 оқулық және 11 оқу-әдістемелік құралы бар. 25-09-2017 жылы, білім беру
саласындaғы ерекше еңбегі үшін, Қазақсан Рeспубликасының білім беру ісінің
құрметті қызметкері белгісімен марапатталды ( Куәлік №199), 2019 жылы оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 80 жылдығы төс белгісімен
марапатталған.