Бердалиев
Дәулетбай Тұрдалыұлы 1971 жылы 23 қаңтарда Ташкент облысы Жаңа жол ауданы
Жамбыл совхозында дүниеге келген. 1977 жылы Жызақ облысы Арнасай ауданының № 4 М. Әуезов
атындағы орта мектептің 1-сыныбына
барып 1987 жылы аталған мектепті бітіріп шықты. Еңбек жолын 1987 жылы Жызақ
облысы Арнасай ауданының №18 КТУ-де инструментші болып бастады. 1988 жылы Шымкент педагогикалық институты физика-математика
факультеті физика және информатика мамандығына студент қатарына қабылданды.
1993 жылы аталған мамандықты үздік (қызыл) дипломмен бітірді.
1993-1994 ж.ж. Өзбекістан
Республикасы № 4 М.Әуезов
атындағы орта мектебінде физика пәнінің
мұғалімі, 1994-1998 ж.ж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ физика кафедрасында аға лаборант, 1998-2001
ж.ж. Облыстық дарынды балалар мектеп-интернатында физика пәнінің мұғалімі, 2001-2002
ж.ж. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясы медфизика кафедрасында оқытушы,
2002-2003 ж.ж. Түркістан аймақтық дарынды балалар мектеп-интернатында директордың
ғылыми істер жөніндегі орынбасары, 2003-2011 ж.ж.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ-ның физика кафедрасында оқытушы, 2011-2012 ж.ж.
ОҚМПУ математика, физика және кәсіптік оқыту кафедрасының аға оқытушысы,
2012-2016 ж.ж. ОҚМПУ физика-математика кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етті. 2016 жыл қыркүйек айынан
бастап ОҚМПУ академиялық істер департаментінің директоры болып қызмет етуде. 31.03.06
-24.09.10 жылдар ҚР Ұлттық ядролық орталықтың Ядролық физика институтында,
радиациялық материалтану лабораториясында “Нейтрондармен және зарядталған
бөлшектермен сәулеленген тот баспайтын аустенитті болаттардағы мартнеситтік
түрленулерді зерттеу” тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 24.09.10 ж.
01.04.07 — конденсацияланған күй физикасы мамандығы бойынша, «Исследование
прямого мартенситного g®α’ превращения, индуцированного деформацией в нержавеющих
сталях 12Х18Н10T и 12Х18Н9, облученных нейтронами и заряженными частицами»
тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылы 31 қаңтардағы
шешімімен Бердалиев Даулетбай Турдалиевичке физика-математика ғылымдарының
кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
Д.Т.Бердалиев 2015 жылы ҚР ЖОО
педагогикалық мамандықтарының оқытушыларының біліктілігін арттыру
бағдарламасына сәйкес Испаниядағы
Валенсия политехникалық универсиеттінде және 2021 жылы Дүниежүзілік Банктің
"Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту" жобасы аясында
Финляндияда ХАМЕ қолданбалы ғылымдар университетінде біліктілік арттыру курстарынан
өтті.
Қазіргі уақытта Д.Т.Бердалиевтің 70-нен астам
ғылыми еңбектері, 15-тен
астам оқу және оқу-әдістемелік құралдары бар.
Д.Т.Бердалиев 2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің Құрмет грамотасымен және 2022 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және
жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.