Абдрахманова Хадиша Кенесқызы, 1958 ж. 29 қыркүйекте Сарыағаш ауданының Абай елді мекенінде дүниеге келді. 1965-1975 жылдары "50 жыл Каз ССР» атындағы орта мектепте оқып оны алтын медальмен бітірді. 1975-1981 аралығында С.М.Киров атындағы ҚазМУ-де физика факультетінде оқыды.
Университетті бітірген соң
жолдама бойынша 1981-1982 жылдары Жезқазған педагогикалық институтында аға
оқытушы болып «Теоретикалық физика»
кафедрасында жұмыс істеді. 1982-1996
жылдары ҚазХТИ-да «Физика» кафедрасында оқытушы жұмысын атқарды. 1996-2002
жылдары Мирас университетінде «Физика»
кафедрасының аға оқытушысы ретінде
Пәкістан студенттеріне ағылшын тілінде медициналық физикадан дәріс оқыды.
2002 жылы ақпан айында Әл Фараби
атындағы КазҰУ-де «Электродтардағы металл иондарының разрядының қарапайым
актісінің молекулярлық-кинетикалық аспектілері» тақырыбында кандидаттық
диссертацияны сәтті қорғап, 02.00.05
–Электрохимия мамандығы бойынша химия ғылымдарының кадидаты ғылыми дәрежесіне
ие болды.
2002-2005 жылдары Мирас университеті, оқу
процесін ұйымдастыру департаментінің бастығы, 2005-2008 жылдары Мирас университеті, магистратура бөлімінің
меңгерушісі жұмыстарын атқарды. 2008-2018 жылдары М. Ауезов атындағы ОҚМУ-де доцент
міндетін атқарушы ретінде «Физика» кафедрасында
жұмыс істеді.
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап
ОҚМПУ-де «Физика» кафедрасында жұмыс істейді. Бакалавриатта, магистратурада және
докторантурада дәріс оқиды. Бірнеше магистрантқа және екі докторантқа жетекшілік
етеді.
«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 2012 жылдың наурызынан бастап мамыр айының соңына дейн (үш ай), Италиядағы Болонья университетінде «Физиканы оқыту әдістемесі» кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті. 2018 жылы ағылшын тілі бойынша біліктілікті арттыру курсын бітіріп (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) Upperintermediate денгейін растады, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік ортасы әзерлеген жоғары оқу орындарының профессорлық –оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша оқу курсын бітірді (2019). «English for Science, Technology, Engineering, and Mathematics» тақырып бойынша Coursera курсын бітірді (қараша – желтоқсан, 2021) «Physics. Electricity and magnetism» оқу құралын шығарды (2022).
2023-2025 жылдарға арналған гранттық конкурс аясында АР19677375 - «Білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің STEM-құзыреттерін қалыптастыру» тақырыбында орындалатын жобаның жетекшісі қызметін атқарады.
Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың алғысы (2021), университет ректорының және Дарын орталығының директорының грамоталары мен алғыс хаттары бар, ОҚМПУ-нын 80 жылдығына арналған медалі және «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрметті төсбелгісі бар.
Қосымша мәліметтер
ҚР БҒМ тестілеу орталығының тапсырмасы бойынша магистратураға түсетін
үміткерлерге арналған физика пәні бойынша ағылшын тілінде тестік
тапсырмаларының сарапшысы болып істедім. (2019, Нур-Султан)
ҚР БҒМ Тестілеу орталығында апелляциялық комиссияның құрамында жұмыс
істедім. (2019,
Нур-Султан)
Шымкент қаласының мектептерінде жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде
оқыту деңгейін мониторингілеу жөніндегі комиссия құрамында жұмыс істедім (8-22
желтоқсан 2021)
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы
республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңінде, физика пәні бойынша
әділ қазылар алқасының төрайымы жұмысын атқарды (24-26 наурыз, 2022, Шымкент).
2024 жылдың шілде айында Финляндияның Хельсинки қаласында өткен «Білім
берудегі жаңа тәсілдер» атты халықаралық конференцияға қатысып баяндама жасады
Соңғы бес жыл
ішіндегі басылымдар
-
Түркия мемелекетінің
STEM-білім беру бойынша тәжірибесі. Кудайбергенова Қ.,
Абдрахманова Х.К., Умбеткулова
А. Ясауи университетінің хабаршысы, №4
(126), 2022, 294-304 бет; https://doi.org/10.47526/2022-4/2664-0686.25; ISSN-p 2306-7365; ISSN-e 2664-0686
- Болашақ физика мұғалімдерінің STEMәдісімен білім беруге дайындығы. Абдрахманова Х.К., Кудайбергенова Қ.Б., Йамак Х. Қарағанды университетінің хабаршысы №4 (108)/2022, Педагогика сериясы, 138-147 бет; https://doi.org/10.31489/2022Ped4/138-147 ISSN 2518–7937 (Print) ; ISSN 2663–516Х (Online)
-
Мектеп мұғалімдерінің STEM- білім беру
әдісімен жаратылыстану пәндерін оқытуға дайындығы. Абдрахманова Х.К., Кудайбергенова К.Б. Bulletin of National Academy of
Sciences of the Republic of Kazakhstan. ISSN 2518-1467 (Online), ISSN 1991-3494 (Print)
Volume 5. Number 405 (2023), 7-19 September-October https://doi.org/10.32014/2023.2518-1467.572
-
STEM –білім беру арқылы физика пәнін оқытуда оқушылардың
негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру. Орманова Г.К., Абдрахманова Х.К., Жармуханбетов
С.Б. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ
Хабаршысы “Педагогика ғылымдары” сериясы, 2 (73) 2024, 464-482 б. https://doi.org/10.48371/PEDS.2024.73.2.028 ISSN 2412-2149 (Print), ISSN
2710-3269 (Оnline)
-
Білім беруді цифрландыру жағдайында
STEM-оқытуды қолданудың дидактикалық нұсқаулары. Кадирбаева Р.И., Абдрахманова Х.К., Кудайбергенова
К.Б. Ясауи Хабаршысы (КОКСНВО) 2024ж. «Вестник
университета Ясави», - №2 (132) 2024, С.204-217; https://doi.org/10.47526/2024-2/2664-0686.55 ISSN-p 2306-7365
ISSN-e
2664-0686
-
Deep analysis of
integrated STEM in teaching for future Physics teachers using project-based
learning. S.Zharmukhanbetov,
K.
Abdrakhmanova, G.
Ormanova, С.
P.
Singh, Kuralay Kudaibergenova. 5th International Conference on Advances in
Information Communication Technology and Computing, 2024. Lecture Notes in Networks and Systems Shymkent/Kazakhstan, pp 147-159. eBook ISBN978-981-97-6103-6; ISSN 2367-3389 (electronic) Published: 02 October 2024.
- Effective methods of teaching physics in STEM education: experience of graduate teachers of the “Jana Talap 2.0” program. Кудайбергенова К.Б., *Абдрахманова Х.К. 3i: intellect, idea, innovation - интеллект, идея, инновация. № 4, 2024г. (декабрь), С. 244-251. Многопрофильный научный журнал Костанайского Регионального университета им. А. Байтұрсынұлы (КОКСНВО) ISSN 2226-6070. https://doi.org/10.52269/22266070_2024_4_244