Zhanibekov university logo

Университеттің білім беру қызметі

Университеттің білім беру қызметі
ОҚПУ білім беру қызметін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, Болон процесі мен білім берудің халықаралық стандарттары дамуының негізгі бағыттарына сәйкес жүзеге асырады.

Университет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үш деңгейлі сатысы бойынша қызметін ұсынады:

- Бакалавриат;
- Магистратура;
- Докторантура.

ЖОО сонымен қатар келесі білім беру қызметтерін орындайды:

- Дайындық бөлімі

1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар үшін;
2. "Биология", "Химия", "Физика", "Информатика" педагогикалық білім беру бағдарламаларына түсу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын тілдік даярлау.

- Педагогикалық кадрларды қайта даярлау курстары.

Аталған курс ЖОО педагогикалық білімі жоқ, тиісті бейін бойынша педагогтің кәсіби қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдар үшін ұйымдастырылады.

ЖОО-дағы білім беру бағдарламалары Еуропалық біліктілік және Ұлттық біліктілік шеңберіне, Дублин дескрипторларына, педагогтің кәсіби стандартына сәйкестендіріліп, аймақтық еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып әзірленді.

Бакалавриат бағдарламалары бойынша даярлау білім берудің 3          саласы бойынша жүзеге асырылады:

- 6В01 Педагогикалық ғылымдар;
- 6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар;
- 6В05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика.

Магистратура бағдарламасы бойынша дайындық білім берудің 3 саласы бойынша жүргізіледі:

- 7М01 Педагогикалық ғылымдар;
- 7М02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар;
- 7М05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика.

Докторантура бағдарламасы бойынша дайындық білім берудің 1 саласы бойынша  жүзеге асырылады:

- 8D01 Педагогикалық ғылымдар.

ЖОО-да даярланатын білім беру бағдарламаларының саны:

- Бакалавриат - 33 ББ;
- Магистратура - 21 ББ;
- Докторантура - 11 ББ.