Zhanibekov university logo
Image

Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері

Кафедра Өнер және білім

Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері  кафедрасының  тарихы

 

1956-1968 жылдар аралығында кафедра «Өндіріс негіздері және физика»  кафедрасы атауымен аталып6 «Еңбек», «Тилогия және кәсіптік оқыту  мамандықтары бойынша маман  даярланды. Осы жылдар аралығында облысымыздың жалпы білім беретін және кәсіптік мектептеріне арнап үш мыңнан астам жоғары білікті педагог мамандар даярланды.

1958 - 1962 ж.ж  алғаш рет «Темір және ағаш өңдеу» оқу шеберханалары және метелдарды өңдеу технологиясы зертханасы ашылды. Кәсіптік  оқыту саласына арналған шеберханалар негізі қаланды.

1969 жылдан бастап Шымкент педагогикалық институтында жалпы білім беретін орта мектептерге арналған         «Бейнелеу өнері және сызу  мұғалімдерін даярлау» қолға алынды.

Физика математика факультеті жанынан құрылған «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасын аға оқытушы Е.М.Кан басқарды. Алғашқы оқытушылар қатарында Исак Усманович Кадеев, Лев Николаевич Повловский, Людмила Филиповна Жиляковалар болды.

1969 жылы «Сызу және сурет» мамандығы ашылып, «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы құрылды.

Кафедраны ұзақ жылдар бойына жоғары білікті мамандар, жастарды еңбекке баулу және кәсіпке даярлау саласында қызмет атқарған ғалым педагогтер басқарған. Олардың ішінде М.С.Сәрсенбаев, К.А.Дүйсенбаев, Ю.С.Суязов, И.А.Анарбеков, К.Т.Назарбеков, А.Б.Саипов,  Б.И.Симова, В.М. Гряникова, Д.К.Пошаев, А.Қ.Құралов, , С.А.Мошкин бар.

Қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өзгеріп отыруына сәйкес мамандықтың атаулары әр-түрлі бағытта өзгеріп отырылды. 1960-1970 жылдары «Өндіріс негіздері және физика», 1970-1980 жылдары «Жалпы техникалық пәндер», «Еңбек және физика», 1980-1990 жылдары - «Жалпы техникалық пәндер және еңбек», 2000 жылдардан бастап  «Кәсіптік оқыту»  мамандығы болып өзгертілді.

1973 жылғы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының «Көркем сурет және графика» мамандығының алғашқы түлектері: Ералин Қ.Е., Сманов Л.С., Абдужаппаров А.А., Ибрагимов Ұ., Симова Б., Шилібаев Н.Ш., т.б. осы салада қазіргі күнге дейін қызмет атқаруда.

1976 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының алғашқы қызметкерлері: Кадеев Исак Османович «Көркем сурет және графика» факультеті деканы. Ломакин Юри Иванович «Көркем сурет және кескіндеме» кафедрасы меңгерушісі, Халмұратов Жеңіс «Сурет» кафедрасының меңгерушісі, Ахметов Нарзіллә Ахметович «Сызу» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Кафедрада қызмет жасаған ұстаздар: Желеков Ю.Ф, Домашенко Л., Загаденко Ю.И., Шуланбеков Б.Л., Көшенов Ж., Бейсенов С.Д, Жиенбаев Е.А, Тастемиров Қ., Әбілқайырова Б., Бегманов С., Айтбаев Е., Почукаева Л.И., Ақпанов Т.Б.

Осы іргелі оқу орнын бітірген қызметкерлер: Ұ.Ибрагимов ҚР Қазақ Ұлттық Өнер академиясының ректоры. Н.Ш.   Шилібаев 1980 жылдары Ә.Қастеев атындағы Шымкент көркем сурет училищесінің директоры. 2014 жылы ҚР Оңтүстік Қазақстан суретшілер Одағының төрағасы қызметін атқарды.

Кемешев Д.А. 1996 ж. А. Яссауи атындағы ШИ «Өнер» факультеті «Киім дизайны» кафедра меңгерушісі. Студенттер құрамының артуына байланысты үш кафедраның негізінде «Көркем сурет және графика» факультеті болып қайта құрылды. Факультетті аға оқытушы И.У. Кәдеев басқарды. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ералин, І.Сманов, У.Ибрагимов, А.Ниязов, М.Тәңірбергенов, С.Бейсенбаев, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Тастеміров, Л.Павловский, Х.Михаилиди, С.Жаңбыршиев, Ж.Бейсенбеков, Ж.С.Көшенов, С.Матаева, Т.Бүркітбаев, сондай-ақ ҚР мәдениет қайраткері, ҚР суретшілер одағының мүшелері А.Оспанов, С.Иляев, Н.Шилибаев, С.Жорабеков, Б.Шуланбеков, К.Қарабдалов, Ә.Аблаев, Ә.Айдосов сынды көптеген суретші-педагогтар және еңбекке баулу бағыттары бойынша  Е.Д.Мейірбеков Ю.Н.Камалов, С.А.Жолдасбекова, жас маман ретінде А.С.Узахова, А.Е.Байбатшаевалар қызмет атқарды.

1996 жылы республика ЖОО-ның қайта ұйымдастырылып құрылуына байланысты кафедра «Инженер-педагогика» факультеті жаңадан құрылған Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің құрамына еніп «Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы деп аталды.

1998 жылы Жаратылыстану педагогикалық факультетінде  «Кәсіпке баулудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы жаңадан құрылды.

2011-2012 оқу жылында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңесінің 31.08.2012  № 10 мәжілісі шешімімен «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасы ашылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі п.ғ.к, доцент Жалғасбек Жаппарбекұлы Бейсенбеков қызметін атқарды.

Кейінгі жылдары кафедраның кафедра меңгерушілері қызметін атқарған: 2012-2014 жылдары Медеубек Жұматайұлы Тәңірбергенов, 2014-2015 жылдары Ділләбай Ануарұлы Кемешев, 2015-2020 жылдары Айдайқыз Еркінбекқызы Байбатшаева, 2020-2022 жылдары Айнакул Сламқызы Узахова.

Кафедрада п.ғ.д, доцент, Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі М.Ж.Тәңірбергенов, профессор К.А Дүйсенбаев, п.ғ.к.доцент Д.Қ.Пошаев сынды профессор оқытушылар   конкурысының жеңімпаздары болды.

2014 -2020 оқу жылдары «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к.,доцент м.а А.Е. Байбатшаева  қызмет атқарды. Осы кезеңнен бастап төмендегі оқытушы – профессорлар: PhD, доцент м.а. Ж.О.Небесаева, PhD Ж.Т. Саймбетова,  п.ғ.к., профессор м.а. Д.Қ.Пошаев,  п.ғ.д. аға оқытушы А.С.Узахова, п.ғ.к., п.ғ.д., профессор  Д.А. Кемешев, п.ғ.к.,  доцент м.а.  С.Н.Жаңбыршиев, п.ғ.к., аға оқытушы Т.Ш.Маханов, ҚР мәдениет қайраткері Б.Л. Шуланбеков,  магистр аға оқытушылар Г.Д. Жолдасбекова, А.Ш. Калыков, Н.Қ.Мыңбаева жұмыс атқарды.

Қазіргі уақытта кафедра - бакалавриат 6В01404-«Көркем еңбек және сызу мұғалімін даярлау», 6В012021- «Дизайн» мамандықтарын  даярлайды.

Кафедраның бітіруші   түлектер арасында 1 ҚР Педагогика Ғылымдар Академиясының академигі, 2 ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, 9 ғылым докторы, 15 ғылым кандидаттары атағына ие болған.

 

Кафедра мақтаныштары

 

Мемлекет және қоғам қайраткері, Әкім Ысқақ - Бірінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, аудан әкімі болған п.ғ.к., Сарманов Ерғали Сатыбалдыұлы,  Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразгүл Шайқықызы Қолдасованы мақтанышпен айта аламыз.

Осы жылдар ішінде кафедра жаңарып, жас мамандармен толықтырылып,   халықаралық, республикалық, облыстық  байқауларға қатысып жүлделі орын иегерлері атануда. Атап айтатын болсақ: ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша VIII - ІХ Республикалық пәндік олимпиадаларында 1-орынды иеленді.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан Халықтар Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша VIII Республикалық пәндік олимпиадада 2-орын, ІХ Республикалық пәндік олимпиадада 3-орынды иеленді.

Институтта 2017 жылдың 6-7 сәуір күндері «Кәсіптік оқытуды модернизациялау- адами капитал сапасын арттыру басымдылығы» тақырыбы аясында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша ІХ Республикалық пәндік олимпиадасы жоғары дәрежеде ұйымдастырылып өткізілді. Олимпиадаға 22 жоғары оқу орындары қатысты.

2020 жылы сәуір айында өткен студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасында Астана қаласында жүлделі 2-ші орынды иелендік.

Кафедрадағы жас мамандар  (Ерназарова Ж., Қасмырзаев Б.) «Жібек жолы», «Өнер өрендері», «Сиқырлы бояулар», «Умелые руки» байқауларына қатысып,  жүлделі орындарды иеленген.

2022-2023 жж PhD, доцент м.а. Ж.О. Небесаева «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

2023-2024  оқу жылынан бастап «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасын п.ғ.к., доцент Т.С. Буркитбаев басқаруда.

Бүгінгі таңда кафедрада 2 педагогика ғылымдарының докторы (Д.А.Кемешов, Е.К. Ералин), 5 педагогика ғылымдарының кандидаты (Пошаев Д.Қ., Байбатшаева А.Е., Узахова А.С., Жаңбыршиев С.Н., Маханов Т.Ш. ), 4 PhD докторы (Саймбетова Ж.Т., Небесаева Ж.О., Дайырбекова Г.Д., Мусакулов К.Т.), 1-ҚР Мәдениет қайраткері (Шуланбеков Б.Л.). 9 магистр оқытушылар (Мыңбаева Н.Қ., Сарыбаев Ғ.М., Битемирова Ш.А., Рыскулов А.Қ.,Ерназарова Ж.А., Қасмырзаев Б.Н., Джунисбекова М.А., Болыс Г., Арипкулова З.),  2 оқу шебері (Жексенәлі М.Ж., Байғанаева Г.Е.), 2 лаборант (Утеболатов С.К., Балтабай С.М.), 1 шеберхана меңгерушісі (Ерназарова Ж.А.) қызмет жасайды.