Zhanibekov university logo
Image

Өзбекәлі Жәнібеков орталығы

Бөлім/Орталық
Өзбекәлі Жәнібеков орталығында жүргізілетін жұмыстар
Мақсаты: білім алушыларға тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметі, рухани мұралары және олардың қоғамды дамытудағы орны мен маңыздылығын түсіндіру, қоғам қайраткері Ө.Жәнібековтің еңбектерімен таныстыру.

«Тұлғатану» бойынша жүргізілетін іс-шаралардың негізгі бағыттары:
1. Қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Ө. Жәнібековтің еңбектері туралы дереккөздер жинау, деректі фильмдер қорын жасау.
2. Тарихи тұлғалар, олардың қазақ қоғамын дамытудағы еңбектерімен таныстыру, насихаттау.
3. Ғалымдармен, ақын-жазушылармен кездесулер өткізу, олардың шығармашылығымен таныстыру.
4.«100 жаңа есім»  жобасының жеңімпаздарымен кездесулер, семинарлар, тренингтер өткізу.
5. Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ білім алушыларының тұлғатану бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуін ұйымдастыру.

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ
Өзбекәлі Жәнібеков (28.08.1931 – 22.02.1998) – мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты. Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары, мәдениет министрі, Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы болып қызмет атқарған.

ҚЫЗМЕТ ЖОЛЫ
  • Шымкент (қазіргі Түркістан) облысының Келес ауданында мектеп мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі (1952 – 1955);
  • Келес ауданы комсомол комитетінің 1-хатшысы (1955 – 1956);
  • Шымкент облысының комсомол комитетінің хатшысы (1956 – 1961);
  • Қазақстан ЛКЖО ОК-нің 1-хатшысы, хатшысы (1961 – 1970);
  • Қазақстан компартиясы Торғай облысы комитетінің хатшысы (1970 – 1975);
  • Қазақстан компартиясы ОК-нің шет елдермен байланыс бөлімінің меңгерушісі (1975 – 1977);
  • Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары (1977 – 1988); мәдениет министрі (1987 – 1988);
  • Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы (1988 – 1991) қызметтерін атқарды.


ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ

  • Жәнібеков қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосты. 20 ғасырдың 70-жылдарының өзінде-ақ Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қалпына келтірілуіне ұйытқы болды.
  • Жәнібековтің бастамасымен Қазақстанның көптеген қалаларында этнографиялық мұражайлар ашылды.
  • Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатын көздеген “Арқас” қоғамы құрылды.
  • Жәнібеков “Шертер”, Адырна”, “Алтынай”, т.б. фольклорлық өнер ансамбльдерін ұйымдастырды.
  • “Наурыз” мейрамының, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы есімдерінің халқына қайта оралуына белсене ат салысты.
  • Ана тілін дамыту бағдарламасының мемлекеттік тұжырымдамасын жасауға қатысты.