Zhanibekov university logo
Image

Қазақ тілі мен әдебиеті

Кафедра Филология
Image

Оразбаева Эльмира Бейсенбайқызы

Оразбаева Эльмира Бейсенбайқызы, 1971 жылы 24 тамызда Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. 1978-1988 жылдар аралығында Қайнар орта мектебінде оқыған. 1991 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1995 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент бөлімінің орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын үздік дипломмен бітірген. 2010 жылы ҚР БжҒМ Ғылым комитеті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында филология ғылымдарының докторы, профессор Е.Ә.Керімбаевтың жетекшілігімен «Ә.Кекілбаевтың тарихи романдарындағы жалқы есімдердің этномәдени, лингвостилистикалық, линговонцептологиялық ерекшеліктері» деген тақырыпта 10.02.02-қазақ тілі мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.