Zhanibekov university logo
Image

Қазақ тілі мен әдебиеті

Кафедра Филология
Image

Омар Базаркүл Қалтайқызы

1. Аты-жөні: Омар Базаркүл Қалтайқызы. 
2. Білімі: жоғары, Қазақтың қыздар педагогикалық институты. (1966-1970). 
3. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент. 
4. Академиялық тәжірибе: 1970-1982 жылдар аралығында Отырар ауданындағы Ленин (қазіргі Ш.Қалдаяқов), Жамбыл орта мектебі мен №4 мектеп-интернатта (қазіргі Ө.Жәнібеков) қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары. 1982-2008 жылдар аралығында Шымкент пединституты, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, 2008-2011 Академиялық инновациялық университетінің, 2011 жылдан ОҚМПУ Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті. 
5. Сертификат: №0123.9-12.10.2021 Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тілдік тұлғасы және кәсіби құзіреттілігі. Нұр-сұлтан.ҚР БжҒМ Ғылым комитеті. А. Байтұрсынұлы атындағы ТБ институты. «А.Байтұрсынұлы Білім академиясы» мекемесі. 
6. Сертификат. №2/123.13-21.11.2021 Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысының кәсіби құзіреттілігі. Нұр-сұлтан. ҚР БжҒМ Ғылым комитеті. А. Байтұрсынұлы атындағы ТБ институты. «А.Байтұрсынұлы Білім академиясы» мекемесі. 
7. Кәсіптік ұйымдарға мүшелік: 1965 ж. кәсіподақ мүшесі, ОҚМПУ-да 1982ж. 
8. Марапаттары мен жүлделері: а) 2017 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі; ә) 2022 жылы Түркістан облысы әкімінің грамотасы; б) 2023 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың Алғыс хаты; в) ОҚМПУ ғылыми кеңесінің 28.09.2023 жылғы №2 хаттамасымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ПРОФЕССОРЫ атағы берілді. 
9. Қызмет көрсету саласындағы қызмет: жоқ. 
10. Соңғы бес жылдағы маңызды жарияланымдары мен презентациялар: а) “Ilk Kazak Dilbilimcisi Ahmet Baytursinuli” Uluslararasi Turk DunyasiTarih ve Kultur Sempozyumu «Turk Yazi Tarihi» 18-19 Temmuz 2022 Istanbul - Turkiye «Ahmet Baytursinuli’nun 150.Yil Donumu Anisina» ә) Оның үйіндегі ең құнды дүние кітап еді //Ардагерлер тынысы. Рухани-мәдени, ақпараттық-танымдық республикалық журналы. №6, маусым, 2022. б) «Оқулық» сөзінің авторы жайлы не білеміз? «Оңтүстік Қазақстан» газеті, 19 қараша, 2022. в) Қазіргі орыс тілінің сөзжасамы мен морфологиясы. Оқу құралы. (М.И.Кадеевамен бірге). Алматы, 2023. 
11. Ғылыми немесе эксперименттік әзірлемелердегі жаңа кәсіби дамытушылық әзірлемелерді, авторлық немесе бірлескен авторлықты қысқаша тізімдеу: жоқ.