Кажиакбарова Раушан Батыршақызы 1975 жылы
Өзбекстан Республикасы, Жызақ облысы, Гагарин қаласында дүниеге келген. 1992
жылы Шымкент қаласындағы №51 орта мектепті алтын медальмен бітірген. 1996 жылы
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Қ.А.Ясауи
атындағы ХҚТУ ШИ филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасында аға лаборант
қызметінен бастап, оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін, 2004-2005 оқу
жылында филология факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін
атқарған. Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі М.О.Әуезов
атындағы әдебиет және өнер институтының ізденушісі болып, филология
ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ергөбектің жетекшілігімен «С.Мұқановтың
«Балуан Шолақ» романының шығармашылық тарихы» деген тақырыптағы кандидаттық
диссертацияны 2000 жылы 25 желтоқсанда Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін беру
жөніндегі К.14.44.03 диссертациялық кеңесінде қорғадым. 2003 жылы ҚР Жоғары
аттестациялық комиссиясының қорытындысы бойынша доцент ғылыми атағын алған.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің талантты жас
ғалымдар үшін ұйымдастырған конкурсына қатысып, мемлекеттік ғылыми стипендия
иегері болған. Ізденуші ретінде қазақ әдебиетіне байланысты ғылыми-зерттеу
жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді. 98-ден аса ғылыми мақалалар мен еңбектерім
жарияланған. Ғылыми еңбектер қазақ әдебиетінің тарихы, қазіргі қазақ прозасы
мәселелеріне, қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылығын
талдауға арналған. «С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» романының шығармашылық тарихы»
(2002 жыл), «Қазіргі әдеби процесс» (2003 жыл), «1960-1990 жылдардағы қазақ
әдебиеті» (2004 жыл), «Қазіргі қазақ прозасы» (2006 жыл), «Қазақ әдебиеті
сынының тарихы» (2007 жыл), «Балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту
әдістемесі» (5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы
студенттеріне арналған оқу құралы, 2016 жыл), «Қазақ тілі» (1-бөлім, 2021),
«Қазақ тілі» (2-бөлім, 2022) деген еңбектері жарық көрген. «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан
Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрларды даярлайтын
жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру
білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқу курсын
аяқтады. Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың
деңгейлі бағдарламасы негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары
оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы
бойынша 232 академиялық сағат көлеміндегі тренерлерді оқыту курсын аяқтады (
Астана қаласы, 29.01.2016 жыл, сертификат № 000125). 18.10.2021 ж. «Рухани
жаңғыру» бағдарламасы аясында «Болашақ бәсекеге қабілетті педагог
қалыптастырудың жолдары мен бағыттары» тақырыбында семинар өткізіп, 18.04.2022
ж. филология факультетінің «Тұмар» ғимаратында 2022 жыл – «Ғылым жылына» арналған
«Онлайн оқыту шеңберінде білім алушылардың ғылыми зерттеу дағдыларын дамыту»
атты әдістемелік семинар өткізіп, «Қазақ тілін оқытуда қашықтықтан оқыту
технологияларын қолдану» тақырыбында баяндама жасады. Ақпарат және қоғамдық
даму министрлігі, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты,
Нұр-Сұлтан, 2021.2021 жылғы 22.09-30.11 аралығында «Кемел болашақ» жобасы
аясында жоғары оқу орындарының оқытушылары арасында «Рухани жаңғыру»
қағидаттарына негізделген тәрбие жұмысын жетілдіруге арналған оқыту вебинарының
сертификатын иеленді (128 сағат). № 334. Шымкент қалалық тілдерді
оқыту-әдістемелік орталығы ұйымдастырып, тілдерді оқытып үйретудегі өзекті
мәселелерді талқылау мақсатында өткізген «Тілдерді оқыту әдістемесінің негізі,
әдісі мен принциптері» семинар-тренингтерге қатысып тұрақты түрде баяндама
жасалып тұрды. «Ұлттық мәдениет – парасат жолы». Филология факультетіне қарасты
«СҰҢҚАР» атты студенттердің қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «ҰЛТТЫҚ
МӘДЕНИЕТ – ПАРАСАТ ЖОЛЫ» атты қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, мәдениетін
насихаттауға бағытталған жұмыстар жүргізді. Қазіргі таңда ғылыми-әдістемелік,
тәрбиелік жұмыстары жалғасын табуда.