Zhanibekov university logo
Image

Қазақ тілі мен әдебиеті

Кафедра Филология
Image

Құрбанов Ағапаша Гүләліұлы

Құрбанов Ағапаша Гүләліұлы 1967 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 1984 жылы орта мектепті бітіріп, 1985-1987 жылдар аралығында Кеңес әскерінің қатарында болып, әскери борышын өтеді. 1988-1989 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының дайындық бөлімінде оқыды. Аталған институт Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті болып өзгергеннен кейін, 1989 - 1994 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқып, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын үздік дипломға бітірген. Сол жылы аталған университеттің Филология факультеті, қазақ тілі кафедрасына қазақ тілі пәні мұғалімі қызметіне орналасты. 2003 жылы 22 желтоқсан күні Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және шет тілдері университетінде, ф.ғ.д., профессор Н.Авазбаевтың жетекшілігімен «Түркі тілдеріндегі консонанттық тіркестерге лингво-типологиялық талдау жасау» (қазіргі қазақ, түрік және өзбек тілдері материалдары негізінде) тақырыбында 10.02.06 – түркі тілдері мамандығы бойынша филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғады. 2007 жылдан бері ОҚО Түрік этно-мәдени орталығы басшылығының мәдениет саласы жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді. «DAТÜB», Дүние Жүзі Ахыска Түріктері қоғамының құрметті мүшесі. 2008 жылы Республикалық «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының Оңтүстік Қазақстан Облыстық бөлімшесінің алқа мүшесі болып тағайындалды. 2008 жылдан бастап АИУ қазақ тілі кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды. 2010 жылдың қыркүйек айында ҚР Білім және Ғылым министрлігі, Жоғары аттестациялық комиссия тарапынан «Тіл білімі» пәндерінің доценті деген ғылыми атақ берілді. 2017-2018 оқу жылынан бастап ОҚМПИ қазақ тілі және әдебиеті кафедрасында аға оқытушы, доцент қызметін атқарды. 2023 жылдан бастап Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ нің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасында доцент. Жарияланымдар: 150 астам ғылыми мақалалар мен оқу - әдістемелік құралдар жазған. Марапаттар: • Медаль. «1944-2009 ж. ж. Ахыска түріктерінің Қазақстан жеріне қоныстанғанына 65-жыл», (2010 ж.), • ОҚО әкімі орынбасарының грамотасы, 2014 жылы • «1944-2014 ж. ж. «Ахыска түріктерінің Қазақстан жеріне қоныстанғанына 70-жыл», төс белгісі 2015 ж. • Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалының иегері. Астана. 2017 ж. • Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылған Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірліктің моделіне арналған үздік ғылыми жобалардың республикалық байқауы /1 орын иегері/. 2017 ж. • «Алғыс хат». Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасының орынбасары Ж. Түймебаев. Нұр-Сұлтан қ. 2019 ж. • «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградтау. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.А.Назарбаев. 3 шілде, 2020 жыл., • «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне 80 жыл» мерейтойлық төсбелгісі. ОҚМПУ ректоры м. а. Г.Сүгірбаева. 30.09.2020 ж., • Дүние жүзі «АХЫСКА» Түріктері бірлігінің «DATÜB» «ҚҰРМЕТ» төс белгісі, ҚР, Шымкент қаласы, Түркияның Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы құрметті консулдығы. 14.11.2020 ж • Алғыс хат. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.А.Әзілханов. Астана қаласы, 30.05.2024 ж.