Zhanibekov university logo
Image

Қазақ тілі мен әдебиеті

Кафедра Филология
Image

Омар Тоғатай Қалтайұлы

Омар Тоғатай Қалтайұлы 1967 жылдың 26 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Көкмардан ауылында (бұрынғы Қызылқұм ауданы, «СССР-дың 60 жылдығы» атындағы совхоз) дүниеге келген. 1974-1984 жылдары сол ауылдағы «Ильич» атындағы орта мектепте 10 жылдықты бітірген. Еңбек жолын аталған совхоздың механикалық цехында көлік жөндеуші (слесарь) болып бастаған. 1985-1987 жылдары әскери борышын өтеп келген соң, 1989 жылға дейін «Көкмардан» ауылдық құрылыс цехында жұмысшы болып істеген. 1989 жылы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түскен. 1994 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіргеннен кейін, жас маман ретінде филология факультеті «қазақ әдебиеті» кафедрасына оқытушылық қызметке қалдырылған. 1995-1998 жылдары Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы №36 кәсіптік-техникалық училищеде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған. 1999-2000 жылдары Шымкент қаласындағы «Мұрагер» институтында аға оқытушы, 2000-2004 жылдары Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде аға оқытушы болып жұмыс істеген. 2004-2013 жылдары М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарса, 2013 жылдан бастап Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарып келеді. 2008 жылы ҚР ҒА М.Әуезов атындағы «Әдебиет және өнер» институтында «ХІХ ғасырдағы қазақ-қырғыз әдеби байланыстары» деген тақырыпта (ғылыми жетекшіші ф.ғ.д., профессор Б.Омаров) кандидаттық диссертация қорғаған. 70 астам ғылыми мақалалардың авторы. Сондай-ақ «Жазушы Төлен Әбдікұлының шығармашылық әлемі» атты көмекші оқу құралы. ОҚМУ, Шымкент – 2007. «Қазақ тілі пәнінен практикалық сабақтарды жүргізуге арналған жаттығулар жинағы» әдістемелік нұсқау. ОҚМУ, Шымкент – 2009. «ХІХ ғасырдағы қазақ-қырғыз әдеби байланыстары» атты монографиясы. ҚХДУ, Шымкент – 2009, «Бұқар жырау Қалқаманұлының әдеби мұрасы» атты көмекші оқу құралы, ОҚМПИ, Шымкент – 2014, «Қазіргі қазақ әңгімелері» атты оқу-әдістемелік құралдары «Әлем» баспасы, Шымкент – 2017 және «Түркі халықтарының әдебиеті» атты оқу-әдістемелік құралы ОҚМПУ, Шымкент – 2021 жарық көрген.