Zhanibekov university logo
Image

Қазақ тілі мен әдебиеті

Кафедра Филология
Image

Мансұров Нұрлан Берденұлы

 Мансұров Нұрлан Берденұлы

1965 жылы 20 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы елдімекенінде дүниеге келген. 

1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті және араб тілі» мамандығы бойынша бітірген.

Педагогикалық еңбек жолын 1991 жылы Шымкент қаласындағы  Жамбыл атындағы орта мектепте араб тілі пәнінің мұғалімі болып бастады. 1993-1995 жылдары аралығында Халықаралық қазақ-түрік университеті қазақ тілі кафедрасының оқытушысы, 1995-1998 жылдары осы аталған университеттің аспиранты (күндізгі бөлім). 

1998 жылдан 2009 жылдар аралығында «Отырар» университетінде араб тілі кафедрасының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, «Араб тілі және дінтану» факультетінің деканы қызметтерін атқарған.

2009-2010 жылдары ҚР Мәдениет министрлігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» ММ бөлім меңгерушісі, директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары, директоры міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.

2010-2013 жылдар аралығында «Тұран-Астана» университеті әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі. 2013 жылдың қазан айынан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті практикалық қазақ тілі кафедрасының доценті.

2006 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор Берікбай Сағындықұлының жетекшілігімен «ХІХ ғасыр поэзиясындағы араб, иран кірме сөздері (Дулат, Шортанбай, Мұрат шығармалары бойынша)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

Бүгінгі күнге дейін 80-ге жуық ғылыми мақалалар мен 2 монография, 1 оқулық, 2 сөздік және 3 ғылыми-зерттеулер жинағы жарияланған.

2007 жылдан бастап «Рухани қазына» рухани, діни танымдық газеттің бас редакторы қызметін қосымша атқарған.