Жаппаркулова Анар Абусайылқызы 1977 жылы 21 мамырда
Отырар ауданы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Қ.А.Ясауи атындағы
ХҚТУ Шымкент филиалының филология факультеті қазақ тілі және әдебиеті
мамандығына оқуға түсіп, «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің оқытушысы
біліктілігін алған.
Еңбек жолын 1998-2000 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институты
Филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасының ізденушісі болып бастаған.
2000-2006 жылдар аралығында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы
және СМЖ бөлімінің басшысы. 2017 жылдан 2020 жылдың 6 ақпанына дейін ОҚМПУ
Филология факультетінің деканы қызметін атқарған. 2020 жылдың ақпан айынан
бастап Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының
«Әл-Фараби» атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры болып абыроймен
жұмыс атқарып келеді. Республикалық XXІ ғасыр оқытушысы байқауының ІІ орын иегері. Ақын, Республикалық, халықаралық
айтыстардың жүлдегері.
1998-жылы Халықтың рухани жаңғыруына және Қазақстандық
отаншылдықты қалыптастыру ісіне қосқан айрықша шығармашылық үлесі үшін
берілетін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Зерде» стипендиясының иегері
атанды. «Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Айтыс ақындары мен
жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі.
Қазақстан
халықтары тілдерінің І Республикалық фестивалі аясында өткізілген «Ана тілім
ардағым» атты Республикалық айтыста І орын (Астана 1999), Алпамыс батыр
дастанының 1000 жылдығына орай өткізілген Халықаралық айтыста Бас жүлде
(Жетісай), О.Бөкейдің 60 жылдығына арналған «Мұзтаудың мұзбалағы» атты
Республикалық айтыста Бас жүлде (Өскемен) иелендім. 1999 жылы Оңтүстік
Қазақстан облысының рухани-мәдени саласы мен өнерінің дамуына лайықты лайықты
үлес қосқаны үшін «1999 жылдың ең үздік суырып салма ақыны» атағы берілді.
Түркістан қаласының 1500 жылдығына және Домалақ Ана құрметіне арналған
Республикааралық айтыста ІІ орын (2000), Республикалық «Наурыз» айтыста ІІІ
орын (Шымкент,2004), Н.Оңдасыновтың 100 жылдық мерейтойына арналған
Республикалық айтыста ІІ орын (Түркістан), Ж.Жабаевтың 160 жылдығына арналған
Республикалық «Наурыз» айтыста ІІІ орын (Шымкент,2006), Желтоқсан көтерілісінің
20 жылдығына, Ж.Қуанышбаевтың 110 жылдығына орай өткен халықаралық айтыстарда
ІІ орын (Жамбыл облысы), М. Мерәліұлының 165 жылдығына арналған Халықаралық
айтыста ІІІ орын (Орал), Республикалық ақындар айтысында ІІІ орын
(Шымкент,2007), осы жылы Түркістан қаласында Сидней Олимпиадасының чемпионы
Бекзат Саттархановтың туған күніне орай ұйымдастырылған «Ұлт намысы – менің
намысым» атты облыстық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алдым. Созақ
ауданының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Сырлы Созақ сырлары» атты
Республикалық айтыста ІІ орын (2008), Р.Бердібайдың 80 жылдығына орай Түркістан
қаласында өткізілген Республикалық айтыста І орын, ҚР Тәуелсіздігінің 20
жылдығы мен Қ.Мұңайтпасовтың 140 жылдығына арналған халықаралық айтыста ІІ
орынды (Темірлан, 2011) иемденді.
2014-жылы Ташкент қаласында өткізілген халықаралық
ақындар айтысында 2-орынды, 2015-жылы Бішкекте өткізілген Халықаралық
суырыпсалма ақындар айтысында жүлделі 1-орынға еге болды. 2016-жылы
Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысында Бас жүлде,
Автокөлікті жеңіп алды. 2017-жылы Атырау қаласындағы Халықаралық айтыста
жүлделі 1-орынды иеленді. 2018-жылы Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласында
өткізілген «Көшпенділер өркениеті» атты халықаралық ақындар айтысында жүлделі
2-орынды, 2018-жылы Атырау облысы Құлсары қаласында өткізілген Республикалық
ақындар айтысында жүлделі 3-орынды жеңіп алды.
«Жаса Қазақстан», «Лебізің», «Студенттерге», «Қайырлы таң, Алматы»,
«Бақытты бол», «Өмір жолдары» т.б., көптеген танымал әндердің мәтін авторы.
Қазақ авторлар қоғамының мүшесі.
2004 жылдан бастап филология ғылымдарының докторы,
профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, академик Р.Бердібайдың жетекшілігімен
Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармашылық мұрасын зерттеуді қолға алды. Зерттеу
жұмыстарының нәтижесінде 2010 жылы 22-қазанда М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
Өнер институтында «Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармашылық мұрасы» атты
тақырыптағы кандидаттық диссертациямды сәтті қорғап, филология ғылымдарының
кандидаты атағын алды. 1998-жылы, ЖОО-нын бітірген уақыттан бастап бұрынғы
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент
институтында, қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық
университетінде үздіксіз оқытушылық қызмет атқарды. Университет қабырғасындағы
«Айтыс», «Сыр сандық» үйірмелерінің жетекшісі. 2017-жылдан бастап ОҚМПУ
Филология факультетінің деканы қызметін атқарды. Жетпіске жуық ғылыми
мақалалардың авторы. «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті», «ХХ ғасыр басындағы
әдебиет», «Әдебиеттануға кіріспе», «Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті», «Қазақ
лирикасы» деп аталатын пәндерден жоғары курс студенттеріне дәріс жүргізді.
10-нан астам магистрлік диссертациялық жұмыстардың жетекшісі. 2015-жылы ұйымдастырылған «ХХІ ғасыр оқытушысы» деп аталатын Республикалық
конкурстың 2-орын иегері. Қала, облыс көлемінде өткізілетін әдеби-мәдени
іс-шаралардың ұйымдастырылуына үздіксіз үлес қосады. «Абай» кітапханасымен,
облыстық «Пушкин», атындағы кітапханалармен тығыз шығармашылық байланыстамын.
Әл-Фараби атындағы қалалық
ғылыми-әмбебап кітапханасы ұйымдастырған барлық әдеби-мәдени кештерге, шығармашылық
кездесулерге қолдау жасап, Филология факультетіндегі «Сыр сандық» үйірмесі
мүшелерінің барлық іс-шараларға үздіксіз қатысуларына қолдау жасайды. Қалалық,
облыстық жас ақындар айтыстарында үздіксіз қазылық жасап, қала, облыс көлемінде
өткізіліп отыратын әдеби-мәдени іс-шараларға үнемі өз үлесін қосып келеді.
2020 жылы Халық алғысы төсбелгісімен, 2019 жылы Мәдениет
саласының үздігі төсбелгісімен, 2022 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің
«Рухани Қазына-2022» Алғыс хатымен, 2023 жылы қала көлемінде өткізілген «Наурыз
Шымкенттен басталады» атты мерекесіне орай қажырлы еңбегі үшін Алғыс хаттармен,
2024 жылы Түрік тілдес Республикасының
Алғыс хатымен, 2024 жылы 10 қазанда «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы»
төсбелгісімен марапатталды.