Zhanibekov university logo

VISITING SCHOLAR - 2025 БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

3 Сәуір 2025, 18:06
Zhanibekov university

Құрметті профессорлар мен зерттеушілер!
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылатын                    Visiting Scholar - 2025 бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

·         Бағдарлама кезеңі: 1 ай

·         Форматы: оффлайн

·         Гонорар: 1 840 000 теңге (салық ұсталады)

Гонорар еңбекақы, тұру шығындары, ұшу, медициналық сақтандыру, виза және т. б. сияқты барлық шығындарды қамтиды.

Қатысу критерийлері:

v  Халықаралық рейтингтерге (TOP-500) кіретін университеттерде жұмыс істейтін профессорлар немесе халықаралық ғылыми зертханаларда қызмет ететін зерттеушілер;

v  Соңғы үш жыл ішінде жоғары рейтингілі халықаралық журналдарда кемінде 5 ғылыми жарияланымының болуы;

v  Ғылым докторы немесе философия докторы (PhD) дәрежесінің болуы.

Бағдарлама қатысушыларынан күтілетін нәтижелер:

v  Университет ғалымдарымен бірлесіп ғылыми жарияланымдар дайындау;

v  Университет ғалымдарымен бірлесіп гранттық жобаларға өтінімдер дайындау;

v  Магистрлік және докторлық диссертацияларға жетекшілік немесе кеңес беру;

v  Профессор-оқытушылар құрамы үшін семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру;

v  Білім алушыларға дәрістер мен практикалық сабақтар өткізу.

Өтінім беру тәртібі:

Келесі құжаттарды дайындау:

ü  Паспорттың бірінші беті;

ü  Түйіндеме (2 беттен аспауы тиіс);

ü  Ғылыми дәрежесін растайтын құжаттардың көшірмесі;

ü  Үлгі бойынша дайындалған жұмыс жоспары.

Өтінімді inter.coop@okmpu.kz электрондық поштасына "Visiting Scholar 2025" тақырыбымен жіберуіңізді сұраймыз.

·         Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 30.04.2025 ж. дейін (қоса алғанда).

Application Form 2025

Осыған ұқсас

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ: ОҚПУ-ДА БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

18 Тамыз 2026, 13:30

Хабарландыру 17.08.2026

17 Тамыз 2026, 19:08

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ABERTAY UNIVERSITY ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

14 Тамыз 2026, 13:32

Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

11 Тамыз 2026, 13:34

ЦИФРЛЫ ДӘУІРДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ: МАМАН ДАЯРЛАУ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОҚУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

10 Тамыз 2026, 13:36

УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

7 Тамыз 2026, 13:38

ZHANIBEKOV UNIVERSITY-ДЕ FUZHENG EDUCATION ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

6 Тамыз 2026, 13:41

ОҚПУ БОЛАШАҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН БИОТЕХНОЛОГИЯ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ДАМЫТПАҚ

6 Тамыз 2026, 11:42

Хабарландыру 05.08.2026

5 Тамыз 2026, 21:38

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ ӘБДІМӘЛІК ӘШІРОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

4 Тамыз 2026, 13:43